Алматы - Тараз рейсіне билет 9 000 теңгеге сатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock

Алматы - Тараз субсидияланатын әуемаршрутына қосымша конкурс өткізілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (ҚР ИИДМ ААК) сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ведомствоның мәліметінше, тұрақты рейстер 2021 жылдың 5 қарашасынан бастап орындалады.

"Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен Алматы - Тараз - Алматы әлеуметтік маңызы бар әуе бағытына байқау өткізу туралы шешім қабылданды. Байқаудың қорытындысында SCAT әуе компаниясы осы бағытта тасымалдаушы болып айқындалды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Рейстер 148 және 50 орындық "Б-737" және "CRJ-2" әуе кемелерімен аптасына 6 рет орындалады. Билет құны тоғыз мың теңге болады. 

Еске салайық, бұған дейін Тараздан тек Нұр-Сұлтан қаласына ұшуға болатын еді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!


Жарнама
Жарнама