Алматы тауларында құтқару үйлері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© visitalmatykz © visitalmatykz

Алматы тауларында құтқару үйлері пайда болды. Әзірге тек екеуі орнатылды, негізі осындай 15 құтқару пунктін орнату жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тауларында құтқару үйлері пайда болды. Әзірге тек екеуі орнатылды, негізі осындай 15 құтқару пунктін орнату жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қызғылт-сары үйлер туристерді алыс соқпақтарда күтеді. Біріншісі Жоғарғы Горельникте (3205 метр биіктікте) орналасқан, ал екіншісі "Тұйық-Су" мұздығының соңғы моренасында  (3400 метр биіктікте) пайда болды. Құтқару үйлерінде сіздер ауа-райы жақсарғанын күтіп, демалып алуларыңызға болады. 

Туристік ақпарат орталығы (Visit Аlmaty) мәліметінше, әрбір үй дәрі-дәрмек қобдишасымен, жылы көрпемен, отын қоры бар пешпен, телефондарға арналған зарядтау станциясымен жабдықталған. Сондай-ақ, SOS сигналын құтқарушылардың қашықтан басқару пультіне беру үшін дабыл түймесі де бар.

"Exclusive Qurylys осы жобаның бір бөлігі болғанына біз өте қуаныштымыз. Енді таулар қауіпсіз бола түседі", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная