Алматы тауларында із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды Марқұмның туыстарынан

Алматы ТЖД тауда жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза тапқанын растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы ТЖД тауда жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза тапқанын растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Threads желісінде 27 шілдеде тауға кетіп, жоғалып кеткен 20 жастағы Аланды іздеу туралы хабар тараған болатын. Қазақстандықтың қаза болғаны туралы оның туыстары хабарлады. ТЖД бұл ақпаратты растады.

"29 шілдеде Жастар шыңы маңында жоғалып кеткен адамның денесі табылды. Жастар шыңы Алматы іргесіндегі Іле Алатауында орналасқан, теңіз деңгейінен биіктігі – 4147 метр. Оқиға орнында Алматы Полиция департаментінің қызметкерлері және ТЖД психологы жұмыс істеп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алматы тауларында жоғалған 20 жастағы жігітті құтқарушылар, кинологтар, еріктілер мен ТЖМ-нің тікұшағы екі тәулікке жуық іздеді.

Іздеу-құтқару операциясына күштер жұмылдырылған:

  • ТЖМ тікұшағы;
  • 50-ден астам құтқарушы мен ерікті;
  • 8 пилотсыз ұшу аппараты (дрон);
  • 8 бірлігі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;