Алматы тұрғыны ұшақ бортында шу шығарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны ұшақ бортында шу шығарған ©️ depositphotos.com/Pachuli82

Оңтүстік астана әуежайында Фукуок – Алматы бағытындағы рейстен ұшақ командирінің актісі бойынша жолаушы түсірілді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

"Алматының 42 жастағы тұрғыны ұшу кезінде мас күйінде өзін әдепсіз ұстаған, экипаждың талаптарын орындамаған, былапыт сөздер айтқан және ұшақ бортында темекі шеккен", – деп мәлімдеді полиция.

Тәртіп бұзушыға қатысты келесі әкімшілік хаттамалар толтырылды:

  • қоғамдық орындарда мас күйінде жүру,
  • әуе кемесі бортында темекі шегу,
  • ұсақ бұзақылық жасау,
  • әуе кемесінде тәртіп ережелерін бұзу.

Іс сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша, алматылық азамат бес тәулікке қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram
;