Алматы тұрғынын ит тістеп алған: Ботаникалық бақ өкілдері пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Алматы тұрғыны Ботаникалық бақта ит тістеп алғанын айтты. Оқиғаға қатысты ұйым өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Ботаникалық бақта ит тістеп алғанын айтты. Оқиғаға қатысты ұйым өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Әйелдің айтуынша, ол Ботаникалық баққа жиі барады, ал оқиға өткен сенбіде болған.

Реклама
Реклама

"Мен баққа әл-Фараби даңғылы жағынан кірдім. Кенет айналама иттер жиналды. Солардың бірі тістеп алды, кейін ғана қан шыққанын байқадым", – дейді ол.

Оқиғадан кейін әйел қызметкерлерге барып, жарасын өңдеткен, содан соң емханаға жүгінген.

"Бұл жағдайды бақылауға алу қажет, себебі менің білуімше, мұндай оқиға алғаш болып тұрған жоқ", – деп қосты ол.

Ботаникалық бақ жауабы

Ұйым өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, қызметкерлер мұндай жағдайларда әрекет етуге және алғашқы көмек көрсетуге үйретілген.

"Бақта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Ботаникалық бақ - бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақ, демалыс паркі емес, тұтас экожүйе. Мұнда көптеген жабайы жануар мекендейді. Иттерге де бұл аумақ тартымды, себебі олар үшін азық көзі бар, сондықтан олар қоршаудың астын қазып кіреді", – деп түсіндірді ұйым өкілдері.

Сондай-ақ, олар Ботаникалық бақтың өкілеттігі шектеулі екенін атап өтті.

"Бізде жануарларды ұстау немесе аулау құқығы жоқ. Мұндай мәселелерді шешу үшін тек мамандандырылған ұйымдарға, мысалы, Алматы ветеринарлық қызметіне жүгінуге құқылымыз. Бұл жолы да солай жасалды. Болған жағдайға өкінеміз, алайда Ботаникалық бақ келушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салып отырғанымызды айта өткіміз келеді", – делінген ресми хабарламада.

Ботаникалық бақ әкімшілігі кіру есіктерінде ережелер жазылған ақпараттық ескертпелер орнатылғанын да еске салды:

  • серуендеуге арналмаған алыс аумақтарға бармау;
  • коллекциялық бөліктерге кірмеу;
  • жануарлармен кездесуден және тікелей байланыстан аулақ болу;
  • қаңғыбас итті көрсеңіз, кенет қимыл жасамау.

Бұл алғашқы жағдай емес

2024 жылғы маусымның аяғында қала тұрғыны Анастасия TikTok-та видео жариялап, жұрт назарын аударған болатын. Ол 21 маусымда Ботаникалық баққа барғанын және сол жерде ит тістеп алғанын хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная