10 қыркүйектен бастап өртке қарсы су құбырын ауыстыруға байланысты "Ақсұңқар" қонақүйі алдындағы әуежай аумағына кіру және шығу уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіледі:
- I кезең: 10 – 13 қыркүйек аралығында бір кіреберіс пен бір шығаберіс жолы жабылады, ал екінші кіреберіс жолы ашық болады (схеманы қараңыз).
- II кезең: 14 – 18 қыркүйек аралығында бір кіреберіс жолы жабылады, дегенмен басқа кіреберіс пен шығаберіс жолдары жұмыс істейтін болады (схеманы қараңыз).

"Әуежайға баратын бағытты жоспарлауда осы өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз!" - делінген хабарламада.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!