Алматыда қар жауып тұр: әуежайда бірнеше рейс кешіктіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қар жауып тұр: әуежайда бірнеше рейс кешіктіріліп жатыр Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда бірнеше рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бірнеше рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада қар жауып тұр. Алматы әуежайындағы рейстердің жағдайын онлайн-табло арқылы қарап көрдік. Нәтижесінде, бірнеше ұшақтың кешігетіні анықталды.

16:20-дағы жағдай бойынша 10 рейс кешігіп келеді.

Сондай-ақ, дәл осы уақытта 4 рейстің ұшуы кейінге шегерілген. Мысалы, FlyArystan-ның Астанаға және Air Astana-ның Душанбе қаласына ұшатын рейстері кешігеді.

Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі Алматыдан ұшатын рейстердің ауа райының нашарлауына байланысты кешігіп жатқанын хабарлады.

"Әуежайға бармас бұрын рейсіңіздің мәртебесін әуе компаниясының сайтынан тексеруді сұраймыз", – делінген әуе тасымалдаушының хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;