Алматыдағы Bek Air ұшағы апаты: бас көлік прокуратурасы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Бас көлік прокуратурасы Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас көлік прокуратурасы Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Көліктегі полиция департаменті процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған Fokker-100 Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы дерегі туралы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталғанын хабарлады.

"4 мыңнан аса тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар соталды тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная