Алматыдан қайда ұшуға болады: бағыттар тізімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Демалысқа шығуды, іссапарды жоспарлап жүрсіз бе әлде ортаны ауыстырғыңыз келе ме? Биылғы жазда Алматыдан Түркия мен Мальдив курорттарынан бастап Лондон, Сеул және Қазақстанның ондаған қаласына дейін 80-нен астам бағыт бойынша тікелей ұшуға болады. Tengri Travel рейстердің толық тізімін жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық рейстер

Алматыдан әлемнің ондаған қаласына тікелей рейстер орындалады. Ыңғайлы болу үшін біз бағыттарды аймақтар бойынша бөлдік.

Жарнама
Жарнама

Еуропа және Ресей қалалары

Алматыдан келесі қалаларға ұшуға болады:

  • Лондон (Ұлыбритания) - аптасына 3 рейс, Air Astana;
  • Прага (Чехия) - аптасына 2 рейс, VietJet Air;
  • Ларнака (Кипр) - аптасына 2 рейс, Air Astana;
  • Подгорица (Черногория) - аптасына 3 рейс, Air Astana;
  • Милан (Италия) - аптасына 1 рейс, NEOS S.P.A.;
  • Франкфурт (Германия) - аптасына 2 рейс Lufthansa және аптасына 4 рейс Air Astana;
  • Варшава (Польша) - аптасына 4 рейс, LOT Polish Airlines;
  • Минск (Беларусь) - аптасына 4 рейс "Белавиа" және аптасына 4 рейс Scat;
  • Мәскеу (Ресей) - аптасына шамамен 20 рейс "Аэрофлот" және аптасына 12 рейс Scat;
  • Минеральные Воды (Ресей) - аптасына 2 рейс, "Азимут";
  • Екатеринбург (Ресей) - аптасына 7 рейс, Red Wings;
  • Қазан (Ресей) - аптасына 2 рейс, Red Wings;
  • Новосібір (Ресей) - аптасына 14 рейс, S7 Airlines;
  • Санкт-Петербург (Ресей) - "Россия" авиакомпаниясымен аптасына шамамен 7 рейс;
  • Красноярск (Ресей) - "Россия" авиакомпаниясымен аптасына шамамен 6 рейс.

Фото: depositphotos.com

Азия

Алматыдан келесі бағыттар бойынша тікелей рейстер қолжетімді:

  • Сеул (Оңтүстік Корея) - аптасына 4 рейс Asiana Airlines, аптасына 2 рейс Eastar Jet және аптасына 7 рейс Air Astana;
  • Чэнду (Қытай) - аптасына 7 рейс, Air China International;
  • Бейжің (Қытай) - аптасына 4 рейс Air China International, аптасына 7 рейс China Southern және аптасына 7 рейс Air Astana;
  • Ханчжоу (Қытай) - аптасына 7 рейс, Zhejiang Loong Airlines;
  • Шанхай (Қытай) - аптасына 3 рейс China Eastern, аптасына 4 рейс Turkish Airlines және аптасына 4 рейс Air Astana;
  • Гуанчжоу (Қытай) - аптасына 3 рейс China Southern және аптасына 5 рейс Air Astana;
  • Үрімжі (Қытай) - аптасына 14 рейс China Southern және аптасына шамамен 15 рейс Air Astana;
  • Сиань (Қытай) - аптасына 2 рейс China Southern және FlyArystan-нан аптасына 2 рейс;
  • Пусан (Оңтүстік Корея) - аптасына 2 рейс, Eastar Jet;
  • Ұлан-Батыр (Моңғолия) - аптасына 5 рейс, Hunnu Air;
  • Бангкок (Тайланд) - аптасына 4-тен 6 рейске дейін Thai AirAsia X және аптасына 5 рейс Air Astana;
  • Куала-Лумпур (Малайзия) - аптасына 5 рейс, AirAsia X;
  • Пхукет (Тайланд) - аптасына 6 рейс, Air Astana;
  • Мале (Мальдив аралдары) - аптасына шамамен 3 рейс, Air Astana;
  • Санья (Қытай) - аптасына 3 рейс, Air Astana;
  • Дананг (Вьетнам) - аптасына 3 рейс Air Astana және аптасына 2 рейс Vietjet Air;
  • Камрань (Вьетнам) - аптасына 7 рейс, Air Astana;
  • Мумбай (Үндістан) - аптасына 7 рейс Indigo және аптасына 4 рейс Air Astana;
  • Дели (Үндістан) - аптасына 8 рейс, Air Astana;
  • Фукуок (Вьетнам) - аптасына 2-ден 6 рейске дейін, Air Astana;
  • Ханой (Вьетнам) - аптасына 2 рейс, VietJet Air.

Фото: depositphotos.com

Орталық Азия және Кавказ

Алматыдан келесі қалаларға рейстер орындалады:

  • Ташкент (Өзбекстан) - аптасына 3 рейс My Freighter, аптасына 3 рейс Qanot Sharq, аптасына 14 рейс Uzbekistan Airways және аптасына 25 рейске дейін Air Astana;
  • Тамшы (Қырғызстан) - аптасына 2 рейс, FlyArystan;
  • Самарқан (Өзбекстан) - аптасына 4 рейс, FlyArystan;
  • Бішкек (Қырғызстан) - аптасына 10 рейске дейін, Air Astana;
  • Нүкіс (Өзбекстан) - аптасына 3 рейс, Uzbekistan Airways.
  • Душанбе (Тәжікстан) - аптасына 3 рейс "Сомон Эйр" және аптасына 5 рейс Air Astana;
  • Батуми (Грузия) - аптасына 12 рейске дейін, Air Astana;
  • Тбилиси (Грузия) - аптасына 14 рейске дейін, Air Astana;
  • Кутаиси (Грузия) - аптасына 3 рейс, FlyArystan;
  • Баку (Әзірбайжан) - Azerbaijan Airlines-тың аптасына 7 рейсі және Air Astana-ның аптасына 5 рейсіне дейін;

Фото: depositphotos.com

Таяу Шығыс, Түркия және Мысыр

Танымал бағыттар қатарында:

  • Ыстамбұл (Түркия) - Turkish Airlines-тың аптасына 18 рейсіне дейін, Air Astana-дан аптасына 19 рейске дейін және Pegasus Airlines-тан аптасына 6 рейс;
  • Анталья (Түркия) - Turkish Airlines-тың аптасына 11 рейсіне дейін, Air Astana-ның аптасына 14 рейсіне дейін және Pegasus-тың аптасына 2 рейсі;
  • Шарджа (БАӘ) - Air Arabia-ның аптасына 14 рейсі;
  • Әбу-Даби (БАӘ) - Air Arabia Abu Dhabi-дің аптасына 3 рейсі;
  • Дубай (БАӘ) - Flydubai-дың аптасына 14 рейсі және Air Astana-ның аптасына 8 рейсі;
  • Кувейт (Кувейт) - Jazeera Airways-тің аптасына 7 рейсі;
  • Шарм-эль-Шейх (Мысыр) - Air Cairo-ның аптасына 4 рейсі және Red Sea Airlines-тың аптасына 2 рейсі;
  • Тегеран (Иран) - Pars Oghyanous Kish-тің аптасына 1 рейсі және Qeshm Air-дің аптасына 1 рейсі;
  • Доха (Катар) - Qatar Airways-тің аптасына 10 рейсі;
  • Мугла (Түркия) - Air Astana-ның аптасына 3 рейсі;
  • Джидда (Сауд Арабиясы) - Air Astana-ның аптасына 1 рейсі;
  • Медина (Сауд Арабиясы) - Air Astana-ның аптасына 1 рейсі;
  • Бахрейн (Бахрейн) - FlyArystan-ның аптасына 2 рейсі;
  • Рияд (Сауд Арабиясы) - FlyArystan-ның аптасына 4 рейсі;
  • Аланья (Түркия) - FlyArystan-ның аптасына 2 рейсі;
  • Анкара (Түркия) - AJet-тің аптасына 2 рейсі.

Фото: depositphotos.com

Ішкі рейстер

Алматы әуежайынан еліміздің 19 қаласына рейстер орындалады:

  • Ақтау;
  • Ақтөбе;
  • Астана;
  • Атырау;
  • Балқаш;
  • Жезқазған;
  • Қарағанды;
  • Көкшетау;
  • Қостанай;
  • Қызылорда;
  • Петропавл;
  • Семей;
  • Тараз;
  • Түркістан;
  • Орал;
  • Үржар;
  • Өскемен;
  • Үшарал;
  • Шымкент.

Қанша бағыт қолжетімді?

Алматы әуежайы мәліметінше, қазіргі уақытта әуе айлағы мынадай бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

  • 19 ішкі рейс;
  • әлемнің 23 еліне 61 халықаралық тікелей тұрақты бағыт.

Барлығы 80 бағыт.

Алматы әуежайы туралы не белгілі?

Оңтүстік астананың басты әуе айлағы қазір дамудың кезекті кезеңінен өтіп жатыр. Qazaqstan Investment Corporation (QIC) басқаратын Kazakhstan Infrastructure Fund C.V. қазақстандық қоры әуежайдағы өзіне тиесілі 15 пайыз акциясын сатып, жобадан шығуға дайындалып жатыр.

QIC бұған дейін бұл шешім әуежай жұмысына емес, инвестициялық циклдің аяқталуына байланысты екенін түсіндірген.

Қор жобадан ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін шығып отыр. 2024 жылы мұнда жаңа халықаралық терминал мен VIP-терминал ашылып, инженерлік желілер мен инфрақұрылым толық жаңартылды.

QIC бағалауынша, жаңғырту әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Мәміле құны, әлеуетті сатып алушы және сату мерзімі туралы ақпаратты компания әзірге жариялаған жоқ.

Тағы оқыңыз: Астанадан қайда ұшуға болады: бағыттар тізімі


Жарнама
Жарнама