Алматыдан Пхукетке 11 сағаттан бері ұша алмай отырған жолаушылар шағымын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: оқырманнан Фото: оқырманнан

Алматы әуежайында Пхукетке ұшатын рейстің жолаушылары ұзақ кідіріске шағымданды. Олар рейсті он бір сағат бойы күткеніне қарамастан, әлі де ұша алмай отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайында Пхукетке ұшатын рейстің жолаушылары ұзақ кідіріске шағымданды. Олар рейсті он бір сағат бойы күткеніне қарамастан, әлі де ұша алмай отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Басылымның WhatsApp нөміріне Елизавета есімді жолаушы хабарласып, Scat әуекомпаниясының DV5235 рейсі айтарлықтай кешіктірілгенін жеткізді. Оның айтуынша, күту уақыты жеті сағаттан асып кеткен.

"Түнгі 01:35-тен бері әлі ұшқан жоқпыз. Бізге әр сағат сайын рейс ұшады деп уәде береді, бірақ ештеңе өзгермеді. Олардың айтуынша, ұшақ бұзылған, оны жөндеп жатыр, алайда басқа борттар да жоқ. Мұнда шамамен 200 жолаушы отыр, арасында балалар да бар. Біз шай да ішкен жоқпыз, дұрыс ұйықтай да алмадық. Барлық басқа рейстер ұшып кетті, ал біз әлі күтіп отырмыз. Жазбаша арыз қалдырдық, бізге суық тамақ берілді", – деп шағымданды жолаушы.

Сондай-ақ, ол жағдай туралы видео жіберіп, әуежайдағы ахуалды көрсетті.

Алматы әуежайының онлайн-таблосындағы ақпаратқа сәйкес, рейс 10 сағат 55 минутқа кешіктірілген. Қазіргі уақытта ұшақтың 12:30-да ұшуы жоспарланған.

Scat өкілдері рейстің кешіктірілгенін растады. Олардың айтуынша, әуе кемесін қосымша техникалық тексеруден өткізу қажеттігі туындаған.

"Ұшуға дайындық кезінде қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттілігі анықталды. Күту уақытында жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар берілді. Әуекомпания рейстің кешіктірілуіне байланысты жолаушылардан кешірім сұрайды. Біздің басты басымдығымыз – жолаушылардың қауіпсіздігі", – деп мәлімдеді әуекомпания өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная