Алматыдан ұшып шыққан ұшақ 3 сағат әуеде жүріп әуежайға оралған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан ұшып шыққан ұшақ 3 сағат әуеде жүріп әуежайға оралған Фото:depositphotos.com

Алматы – Камран (Вьетнам) бағыты бойынша рейсті орындаған ұшақ әуеде бірнеше сағат ұшқаннан кейін ұшып шыққан әуежайға оралуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы – Камран (Вьетнам) бағыты бойынша рейсті орындаған ұшақ әуеде бірнеше сағат ұшқаннан кейін ұшып шыққан әуежайға оралуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Авиациялық сервистердің деректеріне сүйенсек, Air Astana әуекомпаниясының ұшағы 3 сағат 28 минут ұшқан, осыдан кейін Алматыға қонды.

FlightAware

Желіде оқиғаның себебі техникалық ақаудан деген ақпарат тарады.

"28 наурызда Алматы–Нячанг бағыты бойынша КС193 түнгі рейсін орындаған Air Astana ұшағы техникалық себеппен Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонды. Терминалда рейсті күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар, қалауы бойынша трансфер және қонақүйге орналастыру ұсынылды. Жолаушылар басқа әуе кемесімен баратын жеріне сағат 07:15-те ұшты. Рейс кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз", - деп жауап берді Air Astana өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;