Алматыға шыққан рейсте жолаушы қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыға шыққан рейсте жолаушы қайтыс болды Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде Гуанчжоу - Алматы бағытындағы рейсте бір жолаушы көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Tengritravel.kz тілшісі деректі тексеріп, Көліктегі полиция департаментінен пікір сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Гуанчжоу - Алматы бағытындағы рейсте бір жолаушы көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Tengritravel.kz тілшісі деректі тексеріп, Көліктегі полиция департаментінен пікір сұрады.

Оқиға қалай болған?

Интернет қолданушыларының бірі рейстегі қайғылы жағдай туралы жазды.

"Бүгін, 11 желтоқсанда ұшқан Гуанчжоу – Алматы рейсінде 64 жастағы әйел көз жұмды. Ол онкологияның төртінші сатысында болған. Туыстарына көңіл айтамын. Әр рейсте алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігер болуы қажет деп санаймын", – делінген жазбада.

Полиция не дейді?

Мәліметті нақтылау үшін Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгіндік. Ведомство оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Бұл дерекке қатысты Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", – деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
;