7 қазанда Алматыда үсік жүреді деп болжанды. Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын осы күні тауға бармауға шақырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Мегаполис тұрғындарына қатқақ туралы ескерту хабарламалар келе бастады.
Тауға шығатын туристер назарына: маусымаралық кезең ең қауіпті уақыт. Маршрутқа шығар алдында жер бедерімен танысу, жақындарыңызға бағытыңызды хабарлау және өзіңізбен жылы киім, азық-түлік қоры, зарядталған телефон мен пауэрбанк алу маңызды.
"Қолайсыз ауа райы жағдайында тауға шығудан бас тартыңыз, ауа райы тұрақталғанын күтіңіз. Егер тауға шығып қойған болсаңыз, кешке дейін төмен түсуге тырысыңыз. Адасып, кері жолды таба алмай қалу қаупі бар. Әсіресе таулы аймақта тоңып қалудан сақтаныңыз және табиғаттағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз", – делінген ТЖД хабарламасында.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!