Алматылықтар Үндістанның тағы бір қаласына ұша алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар Үндістанның тағы бір қаласына тікелей ұша алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар Үндістанның тағы бір қаласына тікелей ұша алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мәліметінше, туризмді дамыту мақсатында биылғы 20 сәуірден бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.

"Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Алматы – Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы – Гоа (SCAT – 2 рейс) және Астана – Гоа (Fly Arystan – 2 рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная