Астана-Алматы пойызы бағытын өзгертеді: не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ Фото: ҚТЖ

"Астана – Алматы" бағытындағы "Тальго" пойыздарының маршруттары өзгеретіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Астана – Алматы" бағытындағы "Тальго" пойыздарының маршруттары өзгеретіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" компаниясы хабарлады. Өзгерістер "Астана – Алматы" бағытында қатынайтын № 4/3 және № 10/9 "Тальго" пойыздарының қозғалыс маршрутына қатысты.

"2025 жылдың сәуірінен бастап аталған пойыздар Шу станциясына соқпай, тура бағытта жүретін болады. Бұл станция торабы локомотивті ауыстыруды талап етеді. Логистиканы оңтайландыру және Астана мен Алматы арасындағы жол жүру уақытын қысқарту мақсатында осындай шешім қабылданды. Сонымен қатар, Шу станциясындағы жолаушылар ағыны төмен деңгейде қалып отыр", – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Компания Шу станциясынан міну немесе түсу жоспарлаған жолаушылар балама бағыттарды пайдалана алатынын нақтылады.

Астана мен Шу арасындағы пойыздар:

  • № 72/71 Астана – Шымкент;
  • № 86/85 Астана – Шымкент.

Шу мен Алматы арасындағы пойыздар:

  • № 1/2 Ташкент – Алматы;
  • № 11/12 Шымкент – Алматы;
  • № 25/26 Шымкент – Алматы;
  • № 27/28 Орал – Алматы.

Компания жолаушыларға маршруттардың өзгеруіне байланысты қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная