Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады Фото: Астана әуежайы

Астана әуежайында ондаған рейс кешіктіріліп жатыр. Ұшу кестесіндегі өзгерістер себебі түсіндірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайында ондаған рейс кешіктіріліп жатыр. Ұшу кестесіндегі өзгерістер себебі түсіндірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі мәліметінше, әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

"Барлық қызметтер әуе кемелерін қабылдау және ұшыруды қамтамасыз ету, перронды тазалау және аэродром инфрақұрылымын күтіп ұстау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді әуе айлағында.

Рейстер бойынша жағдай

Келу бағыты бойынша:

  • 7 рейс кешіктірілген;
  • Түркістан – Астана бағыты бойынша 1 рейс тоқтатылған (себептері анықталып жатыр).

Ұшу бағыты бойынша:

  • 5 рейс кешіктірілген.

"Кешігулердің себептері: Шымкент пен Қостанай бағыттары бойынша әуежайлардағы қолайсыз ауа райы жағдайлары. Қызылорда, Алматы және Камрань бағыттарындағы рейстер бойынша, әуе кемесінің кеш келуі себеп", – деп хабарлады елорда әуежайы.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, Астана әуежайы тарапынан шектеулер жоқ — аэродром мен терминалдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жолаушалырдан ақпаратты алдын ала білу сұралады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;