Астана әуежайына қожайын табылмай жатыр: шығын бюджеттен өтелмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астана халықаралық әуежайына әлі күнге дейін инвестор табылған жоқ. Бұған қарамастан, елорда әкімдігі екінші ұшу-қону жолағын салуды ұйғарып, үкіметтен қаржыландыру сұрады. Бұл туралы Сенат кулуарында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана халықаралық әуежайына әлі күнге дейін инвестор табылған жоқ. Бұған қарамастан, елорда әкімдігі екінші ұшу-қону жолағын салуды ұйғарып, үкіметтен қаржыландыру сұрады. Бұл туралы Сенат кулуарында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.

Толығырақ

Сауранбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта әуежайды сенімгерлік басқаруға берудің түрлі нұсқасы қарастырылып жатыр. Инвестор әлі табылмағандықтан, қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Жарнама
Жарнама

"Әкімдік бұл бағытта өте ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Әлеуетті инвесторды күтпестен, екінші жолаққа ақша бөлу туралы үкіметке өтініш білдірді. Біз іске кірісеміз. Әзірге инвесторға қатысты мәселе ашық күйінде қалып отыр", – деді министр.

Әкімдік жауабы

Бұған дейін әкімдіктің баспасөз қызметі Астана халықаралық әуежайы акцияларының 100 пайызы мемлекетке тиесілі екенін нақтылаған болатын.

"Жалғыз акционер – Астана әкімдігі. Қазіргі уақытта әуежай мен "Terminals Astana Airport Management" ЖШС арасында ешқандай келісімшарттық қарым-қатынас жоқ», - деп жауап берді біздің ресми сауалға.

Сондай-ақ әкімдік өкілдері басқару форматын өзгерту және серіктестер тарту мәселелері уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретінде екенін және салалық саясат аясында қаралатынын атап өтті. Қабылданған шешімдер туралы қосымша хабарланады. Қазіргі уақытта әуе айлағында аэродром жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2026 жылдың 15 сәуірі мен 31 мамыры аралығында ұшу-қону жолағының, такси жолдары мен перрондардың 98 217 шаршы метр жабынын жөндеу жоспарланған.

Мән-жайы

2025 жылдың қаңтарында Астана әуежайын сенімгерлік басқару туралы шарттың мерзімі аяқталды. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы акцияларының 100 пайызы қаланың коммуналдық меншігіне берілді.

Бұған дейін әуежайды келісімшарт бойынша "Terminals Astana Airport Management" араб компаниясы басқарған болатын. Келісім 2023 жылдың 7 қарашасынан 2025 жылдың 7 қаңтарына дейін күшінде болды.

Келісімшарттың бұзылғанына қарамастан, Астана әуежайында жаңа ұшу-қону жолағын салу және қолданыстағыны жөндеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы бұған дейін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтқан болатын. Оның сөзінше, жоба құны шамамен 150–190 миллион долларға бағаланып отыр.

Қасымбек жаңа жолақ әуежайдың жобалық қуаттылығын қазіргі 9 миллионнан жылына 16–18 миллион жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама