Астана әуежайында жанжал шығарған алматылық жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Астана әуежайында алматылық ер адам жанжал шығарып, полицейлер талабына бағынудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көліктегі бас прокуратураға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Ер адам полицейлердің нұсқауларын елемей, оларға балағат сөздер айтып, денсаулыққа зиян келтіремін деп ашық түрде қоқан-лоқы көрсеткен. Оның әрекеттері билік өкілдеріне қарсы қылмыс ретінде сараланды", – делінген хабарламада.

Жолаушы рейске кешігіп қалғанын айтқан, бірақ рейс туралы ақпарат нақтыланбаған.

Жарнама
Жарнама

Нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 1 жыл 1 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енгені нақтыланды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Жарнама
Жарнама