Астана әуежайында жолаушыларға шектеулер енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанадан ұшатын жолаушыларға ықтимал шектеулерді ескере отырып, әуежайға шығу уақытын алдын ала жоспарлау қажет. Әуе айлағының баспасөз қызметі терминалдар алдында жол жөндеу жұмыстары басталып, соның салдарынан көлік қозғалысының сызбасы өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанадан ұшатын жолаушыларға ықтимал шектеулерді ескере отырып, әуежайға шығу уақытын алдын ала жоспарлау қажет. Әуе айлағының баспасөз қызметі терминалдар алдында жол жөндеу жұмыстары басталып, соның салдарынан көлік қозғалысының сызбасы өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды Tengri Travel.

21 мамырдан бастап Астана әуежайының аумағында вокзал маңындағы алаң мен кірме жолдардың төсемін жөндеу жұмыстары басталды.

"Жөндеу кезінде жекелеген учаскелер уақытша жабылады, осыған байланысты әуежай аумағындағы көлік қозғалысының сызбасы өзгереді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер мен такси бағыттарының өзгеруі мүмкін", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Жолаушыларға жолға көбірек уақыт арнап, ертерек шығуға кеңес берілді.

"Жолаушылардан әуежайға сапарын алдын ала жоспарлауды және қозғалыстағы ықтимал шектеулерді ескере отырып шығуды сұраймыз", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар терроризмге қарсы күрес жөніндегі елордалық жедел штабтың мәліметінше, Астана әуежайы маңында және қала аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді.

"Шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың терроризм көріністеріне шұғыл әрекет ету міндеттерін орындауға дайындығын тексеру. Оқу-жаттығу өтетін аумақта шектеу шараларын енгізу, оның ішінде жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысын шектеу қарастырылған", - деп мәлімдеді ведомство.

Қазақстандықтардан сабыр сақтап, қызметкерлердің талаптарын орындау сұралды.

"Азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, әуе айлағының аумағында 2026 жылдың 31 мамырына дейін жалғасатын жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сөз күн сайын күндізгі уақытта жабылатын ұшу-қону жолағы туралы болып отыр.

Әуежай мәліметінше, жұмыстар күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Дәл осы уақыт аралығында ұшақтарды қабылдау және жөнелту үшін жолақ уақытша қолжетімсіз болады.

Тағы оқыңыз: Астанадан Нью-Йорк, Лондон және Парижге – Премьер-министр жаңа әуе рейстерін ашуды тапсырды

TengriTravel

Жарнама
Жарнама