Астана әуежайында жұмыс кестесі тағы өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

2026 жылғы 1 маусымнан бастап Астана әуежайы ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін штаттық жұмыс режиміне оралды, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2026 жылғы 1 маусымнан бастап Астана әуежайы ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін штаттық жұмыс режиміне оралды, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе айлағында енді рейстер әуе компанияларының кестесіне сәйкес, уақыт бойынша шектеусіз орындалатыны атап өтілді.

"Әуе кемелеріне қызмет көрсету тәулік бойы толық көлемде жүзеге асырылады. Жөндеу барысында аэродром қызметінің мамандары ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және аэродром инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар атқарды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, жөндеу жұмыстары бір айдан астам уақыт бойы - 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында жүргізілді. Бұл кезеңде ұшу-қону жолағы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жабық болды, осыған байланысты рейстердің бір бөлігі уақытша таңғы және кешкі уақыттарға ауыстырылды.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қарашасында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайын басқаратын Terminals Holding (БАӘ) компаниясы жобадан шығуға дайындалып жатқаны белгілі болған. Астана әкімдігі келіссөздерге қарамастан, әуежай бұрынғы режимде жұмысын жалғастыратынын хабарлады.

Былтыр 31 қазанда әуежайда 1 қыркүйектен бастап (5-7 қыркүйек аралығын қоспағанда) жүргізілген ұшу-қону жолағын жөндеудің жоспарлы кезеңі аяқталды.

Бұл уақытта ұшу мен қону сағат 10:00-ге дейін және 18:00-ден кейін орындалды, бірақ баспасөз қызметі нақтылағандай, рейстерден бас тартылған жоқ. Әуежай мәліметтеріне сәйкес, жүргізілген жұмыстар "аэродром инфрақұрылымын сенімдірек етіп, оны ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келтірді".

Сонымен қатар, әуежайдың хабарлауынша, 2026 жылы жөндеу шараларының келесі кезеңі жоспарланған. Жұмыс жоспарына ұшу-қону жолағының жекелеген учаскелері, магистральдық такси жолы және перрон инфрақұрылымы енгізілген.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама