Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр Астана әуежайының баспасөз қызметі

Астана әуежайы жолаушыларға рестер кестесіне қатысты ескерту жасады. Бұған ауа райының күрт нашарлауы себеп болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайы жолаушыларға рестер кестесіне қатысты ескерту жасады. Бұған ауа райының күрт нашарлауы себеп болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуежай мәліметінше, алдағы тәулікте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады: қар жауып, боран соғады, жолда көктайғақ болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

"Астана әуежайында қолайсыз метеожағдайларға байланысты рейстер кестесі өзгеруі мүмкін", - деді әуежайдың баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі жоспар бойынша:

  • ұшып шығатын рейстер - 79,
  • ұшып келетін рейстер - 78.

Өзгеріс енгізілген дерек бойынша:

  • ұшып келетін рейстер - 10,
  • ұшып шығатын рейстер - 2.

Әуежай өкілдері ауа райы ұшып-қону жұмыстарына да, әуе кемелеріне қызмет көрсету үдерісіне де әсер етуі мүмкін.

Жолаушыларға рейс туралы алдын ала өз әуе компаниясынан нақтылап, әуежайдың онлайн таблосын бақылап отыру ұсынылады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;