Астана әуежайының көлік тұрағы қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram/nqz_airport видеосынан кадр

Астана әуежайының көлік тұрағы қымбаттады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана әуежайының көлік тұрағы қымбаттады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Астана халықаралық әуежайының өкілдерінің айтуынша, P4-P6 аумағында көлікті екі және үш тәулікке қалдырғаны үшін азаматтар 2000 теңге төлейді, одан кейінгі әр тәулікке 3000 төлеуі керек болады. Ары қарай, P1-P3 аумағында екі және үш күнге - 3000 теңге және одан кейінгі күндер үшін 4000 теңге төлеуі керек болады.

Сондай-ақ, жабық паркингте "әр тәулік үшін" көктем-күз мезгілінде - 3000 теңге, күз-қыс мезгілінде - 4000 теңге төленеді.

Қымбаттаудың басты себебі - паркингтегі жүктеменің шамадан тыс болуы.


nn-airport.kz иллюстрациясы

"Кейбір жүргізушілер өз автокөліктерін 7 күннен 40 күнге дейін қалдырып кетіп жатады. Бұл басқа жолаушыларға кедергі келтіреді және жүргізушілер бос орын іздеп сабылады. Көлікті ұзақ мерзімге қалдыру қыс мезгілінде қар тазалауға да кедергі келтіреді. Әуежайы тұрағы көлікті аз мерзімге қалдыруға арналған. Ұзақ мерзімге сапарға шығатын болсаңыздар көлікті әуежайдың тегін тұрағына қалдыруларыңызды сұраймыз", - дейді әуеайлақтың өкілдері.

Айта кетейік, 1 тамызда әуежай тұрағында көлік қою құны екі есе өскен болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная