Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Дүйсенбі, 14 сәуірде "Нұрсұлтан Назарбаев" атындағы Астана әуежайында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы "Найза – терроризмге қарсы-2025" атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізеді.
"Азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген. Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек", - делінген хабарламада.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!