Астана-Қарағанды ​​арасындағы жолаушылар пойызында өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Астана – Қарағанды учаскесінде жеке жолаушылар пойызында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "Қазақстан Темір Жолы" баспасөз қызметі растады.


Иконка комментария блок соц сети

Астана – Қарағанды учаскесінде жеке жолаушылар пойызында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "Қазақстан Темір Жолы" баспасөз қызметі растады.

"22 наурызда сағат 11:13-те Астана-Қарағанды-Сортировочная учаскесінде Қостанай-Алматы бағыты бойынша жүріп бара жатқан №44 "Турксиб Астана" жеке тасымалдаушы пойызында өрт тіркелді", – делінген хабарламада.

Вагон жедел түрде ажыратылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді. Өртті теміржол қызметкерлері мен ТЖД өртсөндірушілері сөндірді.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная