Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Астанада "Диснейленд" салу жоспары туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Еркінбаевтың айтуынша, әңгіме ауқымды туристік квартал туралы болып отыр.
"Бұл Диснейленд екеніне сенімді емеспін, бірақ жүзеге асырылып жатқан жобаларда Астанадағы туристік квартал бар. Бұл өте маңызды ойын-сауық саябағы болатын үлкен кешен. Бұл жоба іске асырылу сатысында", - деді Еркінбаев Үкіметте өткен брифинг барысында.
Жаңа саябақ "Барыс Арена" спорт кешенінің артында орналасады. Оны 2027 жылы ашу жоспарланып отыр.
"Бұл үлкен кешен: ойын-сауық орталығы ғана емес, бұл үлкен сауда орталығы және халықаралық деңгейдегі қонақүй. Біздің елордада туристерді тартатын маңызды дестинация болады деп ойлаймыз", - деп толықтырды вице-министр.
Еске салайық, Қазақстанда "Диснейленд" салу жайлы әңгіме 10 жылдан астам уақыттан бері айтылып келеді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!