Астанада Қостанайға ұшқан ұшақ кері қайтуға мәжбүр болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қостанайға ұшқан ұшақ кері қайтуға мәжбүр болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

FlyArystan әуекомпаниясының Астана – Қостанай бағытындағы ұшағы ауа райының нашарлауына байланысты Астана әуежайына оралуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

FlyArystan әуекомпаниясының Астана – Қостанай бағытындағы ұшағы ауа райының нашарлауына байланысты Астана әуежайына оралуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуекомпания баспасөз қызметі мәліметінше, рейс ұшу-қону жолағын қардан тазалау жұмыстарына байланысты тағы кешіккен.

"Қостанай – Астана бағытындағы FS7342 рейсі Қостанайға кеш келуіне байланысты келесі рейске кешікті. Еске саламыз, FlyArystan рейстері айналымдық сызба бойынша орындалады, сондықтан бір рейстің кешігуі келесі рейске әсер етуі мүмкін", – деп хабарлады тасымалдаушы.

FS7341 рейсінің жолаушыларына сусындар мен ыстық тағам берілгені айтылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды
;