Астанадағы “Нұрлы жол“ вокзалында төбенің бір бөлігі опырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадрлар

Астанадағы "Нұрлы жол" теміржол вокзалында төбенің бір бөлігі опырылып түсті. Оқиға 22 шілде күні кешке болған. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Компания мәліметінше, вокзал кешенінің үшінші қабатындағы төбе жабынының бір бөлігі 22 шілде күні сағат 19:45-те опырылған.

Осыдан кейін вокзал қызметкерлері оқиға орнын тексерді. ҚТЖ хабарлауынша, бұған нөсер кәрізі жүйесі құбырларының қосылған жері зақымдануы себеп болған.

Жарнама
Жарнама

"Вокзал кешенінің қызметкерлері зақымдалған учаскеге тексеру жүргізді, оның барысында нөсер кәрізі жүйесі құбырларының қосылған жерінің зақымданғаны анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Компания ақаудың жойылғанын атап өтті. Мамандар құбырлардың қосылған жерін қалпына келтіріп, жіктерді герметизациялады.

"Қазіргі уақытта жіктерді герметизациялау және нөсер кәрізі жүйесі құбырларының қосылған жерін қалпына келтіру жұмыстары орындалды", - деп хабарлады ҚТЖ.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін учаске тазаланып, жуылды және бөгде заттардан арылтылған.

"Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін зақымдалған учаске тазаланып, жуылды, бөгде заттар алынып тасталды", - деп толықтырды компания өкілдері.

ҚТЖ оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы хабарламады. Жарияланым шыққан кезде басқа да мәліметтер ұсынылмады.


Жарнама
Жарнама