Астанадан ұшқан жолаушы ішінде алтыны бар сөмкесі ұрланғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

FlyArystan жолаушысы Астана – Шымкент авиарейсінен кейін жеке заттарының жоғалғанын хабарлады. Оның айтуынша, қол жүгін өзінен бөлек жерге қойғаннан кейін құжаттары мен алтын бұйымдары бар сөмкесі жоғалып кеткен, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

FlyArystan жолаушысы Астана – Шымкент авиарейсінен кейін жеке заттарының жоғалғанын хабарлады. Оның айтуынша, қол жүгін өзінен бөлек жерге қойғаннан кейін құжаттары мен алтын бұйымдары бар сөмкесі жоғалып кеткен, деп хабарлайды Tengri Travel.

Жолаушының уәжі

Әлеуметтік желілерде FlyArystan әуе компаниясының FS-7307 рейсі жолаушысының жазбасы пайда болды. Ол ұшудан кейін жеке заттарының жоғалғанын мәлімдеді. Жазба авторының айтуынша, оқиға 2026 жылғы 7 мамырдағы рейс кезінде болған болуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Жолаушының айтуынша, ұшақ 04:45-те ұшып шыққан. Отырғызу кезінде салонда қол жүгін қоятын орын қалмаған. Сол кезде бортсерік оның сөмкелері салынған пакетті жолаушылар қатарының артына – 5B орнының жанына қойған, ал әйелдің өзі 4C орнында отырған.

Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы пакеттің жыртылып қалғанын байқаған.

"Үйге келгенде ішінде жеке құжаттарым мен бағалы алтын бұйымдарым бар кішкентай қызғылт сөмкенің жоқ екенін білдім", - делінген жазбада.

Жазба авторы оқиға бойынша тексеру жүргізуді, 5A және 5C орындарында отырған жолаушыларды анықтауды, сондай-ақ ұшақтағы, әуежайдағы, отырғызу және ұшып келу аймағындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеруді сұрады.

Скриншот: Threads

Полиция не деді?

Сондай-ақ FlyArystan баспасөз қызметіне пікір алу үшін жүгіндік, алайда жарияланым шыққан сәтке дейін жауап ала алмадық.

Ал Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі арыз бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Ұрлық фактісі бойынша Астана әуежайындағы Желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ведомство.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары әзірге ресми түрде нақтыланған жоқ.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама