“Атам естеліктерін сағаттап айтатын“. Германия азаматы Қазақстанға түп-тамырын іздеп келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Атам естеліктерін сағаттап айтатын“. Германия азаматы Қазақстанға түп-тамырын іздеп келді Жеке архивтен

Қазақстан - бұл тек көз тартар көркем табиғат қана емес, сонымен қатар тағдырлары тоғысқан миллиондаған адамның мекені. Германиялық 22 жастағы Адриана Алматыға оқу бағдарламасы бойынша келген. Дегенмен, бұл ел оның өмірінде бұрыннан бар болып шықты. Оның ата-әжесі мен ата-анасы осында туып-өскен. Шетелдік қыздың ерекше тарихы туралы толығырақ - Tengri Travel материалынан оқыңыз.


Қазақстан - бұл тек көз тартар көркем табиғат қана емес, сонымен қатар тағдырлары тоғысқан миллиондаған адамның мекені. Германиялық 22 жастағы Адриана Алматыға оқу бағдарламасы бойынша келген. Дегенмен, бұл ел оның өмірінде бұрыннан бар болып шықты. Оның ата-әжесі мен ата-анасы осында туып-өскен. Шетелдік қыздың ерекше тарихы туралы толығырақ - Tengri Travel материалынан оқыңыз.

Бәрі қалай басталды?

Адриана Алматыға Германияның Сыртқы істер министрлігі қаржыландыратын бағдарламаның арқасында келген. Қазір ол Қазақстан-Герман университетінде электрон бизнес және коммерция мамандығы бойынша тағылымдамадан өтіп жатыр. Ол өзінің ерекше тәжірибесі туралы TikTok парақшасында баяндады.

@adrxlana so dankbar und gespannt🥹🫶🏼🇰🇿 bleibt dran um zu erfahren worauf #studyabroad #kazakhstan #uni #travel #marketing ♬ We Are The People - Empire Of The Sun

Басқа студенттер үшін бұл жай ғана тамаша мүмкіндік болса, Адриана үшін бұл сапардың мәні әлдеқайда терең.

"Бұл сапар мен үшін үлкен маңызға ие. Себебі менің ата-анам - Қазақстанда өскен орыс немістері. Бұл мұнда келуімнің маңыздылығын арттыра түседі, өйткені мен отбасымның тілі және мәдениетімен тікелей танысуға мүмкіндік алдым", - дейді қыз.

Адриананың Қазақстанға деген қызығушылығы сапарға шықпас бұрын, жақындарының әңгімелері арқылы қалыптасқан. Оның туыстары бұрын Қазақстанда тұрып, кейін 1990-жылдары Германияға қоныс аударған.

Жеке мұрағаттан алынған сурет

Отбасылық естеліктерде Алматы маңындағы Түрген ерекше аталады, оның туыстарының балалық шағы осы жерде өткен.

"Әсіресе атам осындағы өмірі туралы қызықты хикаяларды сағаттап айтып беретін. Олар таңғажайып табиғат пен бұл жердегі мүлдем басқаша өмір салты туралы көп айтты. Олардың әңгімелері арқылы менде бұл жерге деген қызығушылық одан сайын артты", - деді шетелдік қонақ.

Адриананың айтуынша, дәл осы әңгімелер оның Қазақстанды өз көзімен көруге деген құштарлығын оятқан. Алмасу бағдарламасына іріктеу басталған бойда, Адриана еш ойланбастан шешім қабылдаған.

Жеке мұрағаттан алынған сурет

Бұл оқиға оның отбасы үшін де ерекше жаңалық болды. Қыздың айтуынша, атасы мен әжесі бұл хабарды зор қуанышпен қабылдап, қазір оның сапарын үлкен қызығушылықпен бақылап жүр екен.

"Мұндағы көптеген нәрсе маған таныс болып көрінеді. Мәселен, тағамдар мен орыс тілі үйдегі өмірімнің ажырамас бөлігі болатын, сондықтан оларды осы жерде, бастапқы ортасында кездестіру - мен үшін өте ерекше тәжірибе", - дейді Адриана.

Алматыдан алған әсері

Адриананың айтуынша, қалаға бейімделу процесі оңай өткен. Курстастары мен басқа да алмасу бағдарламасымен келген студенттер оны жылы қарсы алып, тез үйреніп кетуіне көмектескен.

"Маған мұнда өте жайлы. Алматы - көптеген мүмкіндігі бар тамаша қала. Қазақстан - халқының алуан түрлілігімен де, табиғат ландшафтымен де тәнті ететін ерекше ел", - деп бөлісті Адриана.

Жеке мұрағаттан алынған фото

Қызды қала өмірі мен табиғаттың үйлесім тапқаны ерекше таңғалдырды. Ол көптеген көрікті жерлерді аралап үлгерген. Сондай-ақ шетелдік қонақ Көлсай мен Қайыңды көлдерінде, Шарын және Қара каньондарында болған.

@adrxlana Jetzt schon so eine unvergessliche Reise🤍🇰🇿🦅🏔️#kasachstan #almaty #travel #charyncanyon #kolsaylake ♬ Wanderlust - Degraus

Адриана сапары туралы әлеуметтік желіде бөлісіп отырады. Бастапқыда ол мұны тек өзі үшін жасаған, бірақ видеолары кенеттен жылы пікірлер жинай бастайды. Оның айтуынша, көптеген қолданушыларға Қазақстанға алғаш келген адамның көзімен қараған ұнаған.

"Мен қатты толқып тұрмын, тағы не көрсететініңізді асыға күтемін!", "Қандай әдемі. Күйеуім Алматының тумасы. Ондағы тағамдар керемет, ал адамдар өте қонақжай", "Мұның бәрі өте қызықты әрі әсерлі", - деп жазады желі қолданушылары.

Адриана үшін Қазақстанмен таныстық мұнымен аяқталмайды.

"Шаңғы тебуді және Шымбұлақ пен Медеуге баруды жоспарлап отырмын. Болашақта Қазақстанға жылдың басқа мезгілінде, әсіресе елдің басқа да қырларын көру үшін жазда оралғым келеді", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, оның бұл сапарынан кейін отбасы да көптеген жылдардан соң Қазақстанға келу туралы ойлана бастаған.

TengriTravel
;