Атырау әуежайында жолаушының орынсыз әзілінен кейін рейстер уақытша тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Атырау халықаралық әуежайында жолаушының "бомба бар" деген әзілінен кейін рейстер уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АқЖайыққа" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау халықаралық әуежайында жолаушының "бомба бар" деген әзілінен кейін рейстер уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АқЖайыққа" сілтеме жасап.

Әуежай қызметкерлері жолаушыларды дереу эвакуациялап, әуежай аумағын қоршады, барлық рейс уақытша тоқтатылды. Оқиға орнына багажды тексеру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиіс жедел қызметтер шақырылды. Қауіп расталған жоқ.

Көліктегі ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 қарашада "Атырау - Алматы" рейсіне тіркеу кезінде болған. Белгісіз ер адам қол жүгінде жарылғыш құрал бар екені туралы жалған мәлімдеген.

Реклама
Реклама

"Бұл дерек бойынша Көліктегі ПД ҚР ҚК-нің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша қылмыстық іс қозғады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, әуежайдың жұмысы қалыпты режимде жүріп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, соталды тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілмейді", – делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная