Атырауда лотос гүлдеді: желіде сирек кадрлар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қиғаш-Шора өзенінде лотос гүлдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қиғаш-Шора өзенінде лотос гүлдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Видео авторы бұл жерге 19 шілдеде барып, ерекше көріністі бейнежазбаға түсіріп алған: өзен бетін қызғылт лотос жапырақтары жауып тұр, қайықтар гүлдердің арасымен баяу сырғып өтіп жатыр.

"Біз лотостарға қайықпен бардық, жолай түрлі жануарлар мен құстарды көрдік", – дейді видео авторы Ясин.

Реклама
Реклама

Жол бойында тырналарды, аққуларды, дегелектерді, шағалалар мен тіпті пеликандарды кездестіруге болады.

"Айта кетейін: егер баруды жоспарласаңыз, міндетті түрде бас киім мен күннен қорғайтын крем алыңыз — бұл жерде күн қатты ыстық", – деп түйіндеді ол.

Құрманғазы ауданы — елдегі лотос көп өсетін жалғыз аймақ. Оның гүлдеу кезеңі — шілденің ортасынан тамыздың соңғы аптасына дейін. Лотос алқабы бес мың гектарға дейін аумақты қамтиды.

Лотос алқабы Қызыл кітапқа енген, себебі бұл — қорғалатын табиғи аймақ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная