Әуе билеттерінің бағасы өсуі мүмкін: министрлік себебін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда билеттерді өткізгенде толық құнын қайтаруды енгізу ұсынылды. Мұндай норма Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасында қарастырылған. Алайда Көлік министрлігі егер жолаушылар билеттерін шығынсыз қайтара алатын болса, бұл әуе қатынасы бағасына әсер етуі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда билеттерді өткізгенде толық құнын қайтаруды енгізу ұсынылды. Мұндай норма Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасында қарастырылған. Алайда Көлік министрлігі егер жолаушылар билеттерін шығынсыз қайтара алатын болса, бұл әуе қатынасы бағасына әсер етуі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Вице-министр Талғат Ластаевтың айтуынша, тарифке билет құнын толық қайтаруды қосу, ұшақ билеттерінің қымбаттауына әкелуі ықтимал. Себебі түрлі себеппен рейске келмей қалатын жолаушылар көп. Оның сөзінше, егер билет толық қайтарылатын болса, шығындар сол рейске келген басқа жолаушылардың қалтасына түседі.

"Рейске келмей қалған, бірақ билет құнын 100 пайыз қайтарып алған жолаушының өтемақысын әуекомпания басқа көзден өтей алмайды. Компанияның жалғыз кіріс көзі - өз қызметтеріне төленетін ақы. Сондықтан бұл шығын басқа жолаушыларға жүктеледі. Жалпы, мұндай өзгеріс тарифтердің өсуіне алып келуі ықтимал", - деді ол.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная