Әуе компания қызметкерлерін балағаттаған жолаушы рейстен түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтөбе әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған мас жолаушы рейстен түсірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған мас жолаушы рейстен түсірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Ақтөбе-Алматы бағытындағы әуе рейсінің 38 жастағы жолаушысын анықтап ұстады. Ол ұшаққа отырғызу кезінде мас болып, әуе компания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан және ескертулерге құлақ аспаған.

"Құқықбұзушы полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға мас келгені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, ҚР әкімшілік кодекс бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная