Авиаотын тапшылығы билет бағасына әсер етіп жатыр: Көлік министрлігі мәселені қалай шешпек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда авиаотын тапшылығы сақталып отыр, бұл бұған дейін әуе билеттері бағасының жоғары болуының бір себебі ретінде аталған болатын. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда авиаотын тапшылығы сақталып отыр, бұл бұған дейін әуе билеттері бағасының жоғары болуының бір себебі ретінде аталған болатын. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.

Авиаотын импорты

Парламенттік тыңдауда министр Қазақстанның авиаотынға деген қажеттілігі жылына шамамен 1,2 миллион тоннаны құрайтынын, ал ел ішінде тек 750 мың тонна өндірілетінін хабарлады. Қалған көлемді Қытай, Ресей және Түркіменстаннан импорттауға тура келеді.

Жарнама
Жарнама

"Қазіргі уақытта министрлік осы саладағы делдалдарды азайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Біз қазір "ҚазМұнайГаз" компаниясы арқылы мұнай өңдеу зауыттарынан тиісті авиахабтарға дейін тікелей жабдықтау бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – деді ол.

Министрдің уәдесі

Сауранбаев Қазақстан Атырау, Шымкент және Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарында авиаотын шығаруды арттыруды көздеп отырғанын айтты. Оның сөзінше, 2031 жылға қарай еліміз ішкі қажеттілікті өз өндірісі есебінен толық өтеп, импортқа тәуелділікті азайтуды жоспарлап отыр.

"Қазір 4-ші мұнай өңдеу зауытын салу туралы мәселе көтеріліп жатыр. Нақты шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ бұл жағдайда біз ішкі тұтынуымыз бен қажеттіліктерімізді толық қамтамасыз ете аламыз", – деп сендірді министр.

Билет бағасы туралы

Бұған дейін сенатор Сүйіндік Алдашев әуе билеттерінің бағасы да қазақстандықтарды алаңдататынын айтқан болатын. Оның сөзінше, билет құнының 36,5 пайызы отынға, 14,9 пайызы техникалық қызмет көрсетуге, 10,7 пайызы әуежай қызметтеріне және 6,1 пайызы жолаушыларға қызмет көрсетуге тиесілі. Бұл ретте сенатор авиаотын нарығы жабық күйінде қалып отыр.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин қымбат әуе билеттеріне шағымданды. Мәжілісмен Қазақстандағы авиатасымал халықтың көпшілігі үшін қолжетімсіз екенін айтты. Ол бағаға мемлекеттік бақылау енгізуді және негізсіз жоғары баға қойып, сапасыз қызмет көрсететін авиакомпанияларға айыппұл салуды ұсынды.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама