Aviata.kz сервисінде ТЖ билеттері үшін күту парағы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Aviata.kz сервисінде пойыз билеттерін сатып алу жеңілдеді әрі ыңғайлы бола түсті!


Иконка комментария блок соц сети

Aviata.kz сервисінде пойыз билеттерін сатып алу жеңілдеді әрі ыңғайлы бола түсті!

Тамыз және қыркүйекте ТЖ билеттеріне деген сұраныс өте жоғары. Нәтижесінде танымал бағыттарға билеттер бір апта бұрын сатылып кетіп жатады. Сіздің сапарыңыз билеттер сатылып кеткен мерзімге түссе қайтесіз?

Авиата өз қолданушыларына көмекке келуге тырысып, бос орындарға күту парағын іске қосты. Яғни сізге қажет бағытқа орын босап жатса, сервис бірден брондап сізге хабарлама жібереді. Сізге тек сатып алу қалады!

Авиата ТЖ билеттерін сізге қажет бағытқа жолаушылардың бірі қайтарған жағдайда немесе қосымша вагондар ашылып жатса брондай алады. Брондау туралы хабарламаны алған соң 15 минуттың ішінде билетті сатып алу қажет.

Орынды брондауды толық бағытқа және кейбір пойыздарға да жасауға болады. Сондай-ақ орындарды брондауға вагон түрін және жолаушыларды таңдауға болады.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная