Әйнек сынығы, қан, қырылдаған дыбыс: Алматы әуежайындағы ТЖ туралы куәгер айтып берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйнек сынығы, қан, қырылдаған дыбыс: Алматы әуежайындағы ТЖ туралы куәгер айтып берді Куәгерлер жіберген сурет

Жақында әлеуметтік желілерде және БАҚ-та Алматы әуежайындағы дәретханалардың бірінде жолаушы өз тамағын орып жібергені туралы ақпарат талқыланды. Оқиғаның куәгері жағдайдың егжей-тегжейін бөлісті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақында әлеуметтік желілерде және БАҚ-та Алматы әуежайындағы дәретханалардың бірінде жолаушы өз тамағын орып жібергені туралы ақпарат талқыланды. Оқиғаның куәгері жағдайдың егжей-тегжейін бөлісті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға 29 тамызда болған. Сол кезде Алматы әуежайының баспасөз қызметі жағдайға пікір беріп, ішкі рейстер терминалы Т1-де "жолаушы дәретханада өзіне дене жарақатын салмақ болды" деп мәлімдеді.

Оқиға болған күні Талғат сол жерде жүрген. Оның айтуынша, ол дәретханаға бірнеше минутқа ғана кірген.

"Бұл ішкі рейстердің ұшу аймағындағы ерлер дәретханасында болды. Мен өз рейсіме жиналып жүріп, сонда кірдім. Еденде қан іздері бар әйнек сынықтарын көрдім, кафельде де қан болды. Кабина есігінің ар жағынан қырылдаған дыбыс естілді. Көмек іздеуге шықтым, бірақ жанымда ешкім болмады. Жолаушылар мен багажды тексеріп тұрған қызметкерге барып, жағдайға назар аударуын сұрадым", – деді ол.

Талғат ол күні бейжай қала алмағанын атап өтті.

"Мен оны құтқардым ба? Мүмкін, бұны нақты айту немесе өзімді батыр санау артық шығар. Мұндай жағдайда бәрі солай істей алады. Тек ниет болса жеткілікті. Жай ғана өтіп кетуге болмайды. Айналаңа құлақ асу керек", – деді ер адам.

Бірақ Талғатты басқа сұрақ алаңдатқан. Бұған дейін Көліктегі полиция департаменті бізге зардап шеккен ер адамның белгісіз себептермен ұшаққа отырмағанын және төрт сағат бойы күту залында, соның ішінде кафеде болғанын хабарлаған.

"Адам ұшып кетпеді, бұл ретте тіркеуден өткен, бірақ ұшаққа отырғызуға келмеген, шамасы қауіпсіздік қызметі оны іздемеген сияқты. Ол төрт сағат бойы стерильді аймақта болған. Бірақ, ешкімде неге деген сұрақ туындамаған сияқты. Бұл сұраққа жауап алу маңызды", – деді Талғат.

Сондай-ақ, бұған дейін әуежайдың медицина қызметкерлері зардап шеккенге алғашқы көмек көрсетіп, кейін оны қалалық ауруханаға жеткізгені хабарланған болатын. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;