Айыппұл немесе түрме: әуежайда айтуға болмайтын сөздер

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айыппұл немесе түрме: әуежайда айтуға болмайтын сөздер Фото:depositphotos.com/ AlexelA

Астана әуежайы жолаушыларға қандай сөздер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайы жолаушыларға қандай сөздер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, тіпті әзіл ретінде айтылған "бомба", "теракт" немесе "атыс" сынды сөздер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

"Әуежайдағы желілік полиция бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың алғашқы алты айында елорда әуежайында тыйым салынған сөздердің айтылуына қатысты 20 жағдай тіркелген. Соның бірі бойынша жолаушы үш жылға бас бостандығынан айырылды", - деп бөлісті Астана әуежайының өкілдері.

Баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, терроризм актісі немесе басқа да қауіп туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қатаң жаза көзделетінін еске салды:

  • 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл (шамамен 20 миллион теңге);
  • қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • бес жылға дейін бас бостандығынан айыру.

"Әзіл ретінде айтылған сөздің өзі ауыр салдарға алып келуі мүмкін: жолаушы рейстен дереу шығарылады, қайта тексеру жүргізіледі, ұшудың кешігуі мүмкін, ал құқық бұзушы желілік полиция бөліміне тапсырылады, әрбір факт бойынша тексеріс жүргізіледі", - деп толықтырды әуежай өкілдері.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кез келген қауіп туралы сөз айтылған кезде бүкіл әрекет ету жүйесі іске қосылады.

"Азаматтық авиациядағы қауіпсіздік - біздің басты басымдығымыз. Қауіп туралы кез келген ескерту нақты әрекетке себеп болады. Бұл – жай рәсім емес, жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар.

Жолаушылардан әсіресе демалыс маусымында - жолаушылар ағыны көбейетін кезеңде - сақтықты, сыпайылық пен жауапкершілікті сақтауды сұраймыз", - делінген елордалық әуежайдың хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;