Tengrinews.kz редакциясына Ақтау әуежайында ұшаққа қатысты мәселе туындағаны туралы ақпарат түсті. Оқиғаға Көлік министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Ақау Бакуден (Әзербайжан) Ақтауға шыққан ұшақпен байланысты болған. Әуе кемесінде жолаушылар болмаған.
"Қону штаттық режимде өтті, қонғаннан кейін әуе кемесінің алдыңғы тірегінде (Баку-Ақтау бағыты) проблема туындады", – деп хабарлады ведомство.
Әуежайдың аэродромдық және жердегі қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарды.
Әуежай ашық және штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп қосты министрлік. Мәселе Gulfstream жеке ұшағына қатысты болған.
Ұшақтың мұрындық тірегі – бұл әуе кемесінің алдыңғы бөлігінде (фюзеляждың мұрын бөлігінің астында) орналасқан шасси бөлігі. Ол ұшақтың жер бетінде тұрақтылығы мен басқарылуын, сондай-ақ ұшу мен қону кезіндегі тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!