“Балағат сөздер айтып, шу шығарған“: екі жолаушы Астана-Ақтөбе ұшағынан түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney

Астана – Ақтөбе рейсінен екі қазақстандық түсірілді. Ер адамдар ұшаққа отырғызу кезінде шу шығарып, балағат сөздер айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана – Ақтөбе рейсінен екі қазақстандық түсірілді. Ер адамдар ұшаққа отырғызу кезінде шу шығарып, балағат сөздер айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оқиға 15 қыркүйекте Астана әуежайында болған. Ақтөбенің 38 және 40 жастағы екі тұрғыны рейске жіберілмеді.

"Отырғызу кезінде екеуі де мас күйде болды, агрессивті әрекет етіп, экипаж талаптарын орындамады және әуе компаниясы қызметкерлеріне балағат сөздер айтты. Жағдайды анықтау барысында ер адамдар полицейлерге бағынбады, сол себепті кісен қолдануға тура келді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Көлік полициясы департаментінде құқықбұзушыларға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын нақтылады: полицейдің заңды талабына бағынбау, ұсақ бұзақылық және қоғамдық орында алкогольдік мас күйде жүру.

Сот шешімі бойынша, олардың біріне 206 мың теңге айыппұл салынса, екіншісі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная