Батыс Қазақстанда өзен жағасынан 100-ден аса киік өлексесі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстанда өзен жағасынан 100-ден аса киік өлексесі табылды видео кадры

Ақтөбе облысында үш күнде жүзден аса киік қырылды. Қайрақты өзенінен өту кезінде жануарлар бір-бірін таптап кеткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында үш күнде жүзден аса киік қырылды. Қайрақты өзенінен өту кезінде жануарлар бір-бірін таптап кеткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының айтуынша, көші-қон кезінде Қайрақты өзеніне 10 мыңға жуық киік келген.

"Қырылған киік саны анықталды: 108 бас, оның ішінде 65-і - аталық және 48-і - аналық. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша жануарлар Қайрақты өзенінен өту кезінде бір-бірін таптап кеткен. Қырылған жануарлардан және судан сынама алынды", - деді Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаев.

Ресми мәліметтер бойынша Ақтөбе облысында 300 мыңнан аса киік бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;