Беғазы пирамидасы: 3000 жылдық қазақ тарихын бір жерден көруге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Виктор Новоженов Фото Виктор Новоженов

Осыдан бес жыл бұрын, яғни 2016 жылдың тамыз айында Қарағанды облысындағы ежелгі "пирамида" табылғаны жайлы жаңалық қазақ елін ғана емес, әлем жұртшылығын дүрліктірген болатын. Бұл ғимаратты археологтар тауып, бір жылдан соң қайта қалпына келтірді және қазір мұнда туристерді күтеді. Беғазы пирамидасы деген не және оны қайдан табуға болатыны жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сеервисі егжей-тегжейлі баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Осыдан бес жыл бұрын, яғни 2016 жылдың тамыз айында Қарағанды облысындағы ежелгі "пирамида" табылғаны жайлы жаңалық қазақ елін ғана емес, әлем жұртшылығын дүрліктірген болатын. Бұл ғимаратты археологтар тауып, бір жылдан соң қайта қалпына келтірді және қазір мұнда туристерді күтеді. Беғазы пирамидасы деген не және оны қайдан табуға болатыны жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сеервисі егжей-тегжейлі баяндайды.

Егер сіз Қарағандыдан оңтүстікке қарай Алматы тас жолымен жүрсеңіз, 90 шақырымнан кейін Қазақстан үшін ерекше шағын сәулеттік пирамидалық кесенені көресіз. Бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен ол Беғазы пирамидасы деп аталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от БЛОГЕР (@askarzhanapov)

Бұл жер ресми түрде Қаражартас қорымы деп аталады. Ол 2016 жылы табылды және бірден ең ежелгі Джосер пирамидасымен салыстыруға себеп болды.

Перғауын Джосер пирамидасы - әлемде сақталған ең көне үлкен тастан тұрғызылған ғимарат. Біздің дәуірімізге дейінгі 2650 жылы салынған. Фото ©Shutterstock

Қызық дерек

Джосер пирамидасы Ніл өзенінің батыс жағалауындағы Гиза қаласына жақын жерде орналасқан және Мысырдағы көрнекті тарихи және сәулеттік құрылыс болып саналады. Бұл ежелгі Мысырдағы ең алғашқы пирамида. Пирамиданың құрылысы біздің дәуірімізге дейінгі 27 ғасырға жатады. Оның жасы 4,65 мың жылдан асқан және ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Айтпақшы, Джосер пирамидасының аумағына кіру жергілікті тұрғындар үшін 25 мысыр фунтын құраса, шетелдіктер үшін 50 (1356 теңге) тұрады.

Археолог Виктор Новоженов шығыстанушы маман ретінде қазба жұмыстарына қатысуға шақырылды. Оның ойынша, Қаражартас қорымы мен Джосер перғауынның пирамидасын салыстыру орынсыз. Әйгілі Джосер пирамидасы біздің дәуірімізге дейінгі 26 ғасырда салынған, бұл Қазақстанда табылған кесенеден кем дегенде 1000 жыл бұрын дегенді білдіреді.

"Бұл негізінен БАҚ-тың, әсіресе шетелдіктердің ықпалы. Жалпы, пирамидалық құрылым бүкіл әлемде танымал болды. Сондай-ақ, Бабыл мұнарасымен бастапқыда бір дизайнда болуы мүмкін. Қазақстан аумағында бұрын да осыған ұқсас қорымдар табылған. Ұқсас баспалдақты құрылымдар - зиггураттар қазылған. Ұқсас жерлеу құрылыстары туралы қазақ археологиясының атасы Әлкей Хақанұлы Марғұлан жазған", - деп бөліседі сарапшы.

Ендеше, Беғазы немесе Сарыарқа пирамидасының ерекшелігіі неде екенін көрейік. Ресми нұсқалардың біріне сәйкес бұл нысан Беғазы-Дәндібай мәдениетіне - соңғы қола дәуіріне жатады. Ғимарат жергілікті күшті тайпаның қағанына (көсеміне) арналып салынған болуы мүмкін. Тарихшылар Сарыарқада 3000 жылдан астам уақыт бұрын салынған деп есептейді. Сараптау қортыныдысы радиокөміртегін сараптамадан өткізу және ішінен табылған бас сүйегінің жасын анықтау арқылы анықталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АЛЛАТРА.ТВ.Абакан (@allatra.tv.abakan)

Бес деңгейлі пирамиданың бұрыштары төрт негізгі нүктеге бағытталған. Биіктігі екі метрдей, ұзындығы мен ені бірдей - 15 метр. Қарағандылық археологтардың олжасы сенсациялық деп аталды.

"Бұл құрылым пирамидалық сатылы пішінге ие, ол Қазақстанда алғаш рет ашылды. Ұқсас құрылымдар бар, бірақ олар көп емес. Дәл осындай құрылым жоқ", - дейді басшылығымен пирамиданы қайта қалпына келтірген тарих ғылымдарының кандидаты Игорь Кукушкин.

Құрылым тастан, топырақтан жасалған, сыртынан плиталармен нығайтылған. Ғасырлар өте қорым қатты бұзылды. Оның үстіне сонау ертеде талан-таражға түскені анық.

Қазбалардан табылған барлық заттар Қарағанды университетінің археология мұражайына қойылған.

"Қарағандылық археологтардың қазақ даласы аумағындағы көне өркениеттерді зерттеуге қосқан үлесі ерекше. Олардың еңбегін бағалап, қолдау көрсету қажет, өйткені мұндай қазба жұмыстары ата-бабаларымыздың қалыптасу тарихын білуге және оның құпиясын ашуға мүмкіндік береді. Меніңше, бұл мәселе әлі толық зерттелмеген сияқты", - дейді Виктор Новоженов.

Ашылғаннан кейін сол жылдардағы ғимараттар туралы тарихи деректерге сүйене отырып, пирамиданың бастапқы көрінісін қалпына келтіру және бұл нысанды қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Бір жылдан кейін 2017 жылдың күзінде тарих ғылымдарының кандидаты Арман Бейсенов бастаған бір топ мамандар жобаны аяқтады.

"Енді еліміздің туристік картасында жаңа бірегей ескерткіш - Беғазы-Дәндібай көсем кесенесі пайда болды! Бұл ескерткішті қазу жұмыстары жалғасады, қарағандылық археологтарға жаңа таңғажайып олжалар тілейміз", - деп жазды әріптестеріне Виктор Новоженов.

Реконструкциядан кейін Беғазы пирамидасының қалпы.

Әрине, қорым көне дәуірде дәл қазіргі археологтар бейнелегендей көрінгені шындық емес. Картограф Виталий Шуптардың айтуынша, ол технологиялық жағынан басқаша салынған.

"Ол кездері цемент жоқ еді, бірақ бұл құрылым фотоға түсіру тұрғысынан да, туристерді тарту үшін де өте қызықты болып шықты. Сонымен қатар, сол заманның рухы жоғалмады. Бұл жерде үш мың жылдан астам уақыт бұрын, қазір ғалымдар қола дәуіріндегі Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жатқызатын адамдар үшін өте маңызды тұлға жерленгенін түсінеміз", - деп жазады картограф.

Өз кезегінде археолог Виктор Новоженов, жалпы алғанда, қайта қалпына келтіру өзінің бастапқы келбетіне сай деп есептейді.

"Біз шындықты ешқашан біле алмайтын шығармыз. Кез келген қайта қалпына келтіру қиял мен болжамнан тұрады. Бізде ол кезде қалай болғанын анықтайтын уақыт машинасы жоқ. Бірақ қайта құру ғылыми негізделген және өмір сүруге құқылы. Бұл ежелгі дәуірден белгілі сатылы қағида.

Бұл саналы, нақты қайта құру. Осындайлар Қазақстанда көбірек болғанын қалаймын, өйткені біздің бүкіл көне тарихымыз, өкінішке орай, уақыт әсерінен жоғалды. Бұл жерде қола дәуірінен бері болған өркениеттің ұлылығын көрсету үшін ерікті көшірмелер емес, ғылыми реконструкциялар қажет", - деп есептейді шығыстанушы.

Пирамиданы кімдер тұрғызды?

Виктор Новоженовтың айтуынша, бұл ғимаратты қазақтардың өздері пайда болғанға дейін мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген қазақтардың ежелгі ата-бабалары - прототүркілер тұрғызған. Прототүркілердің бұл тайпалары киммерийлер деп аталды. Олар скифтерге дейін де далада өмір сүрген.

"Олардың өздерін қалай атағанын білмейміз. Ол үшін шын мәнінде бұл ескерткіштер түрін түсінуге және қазып алуға, алғашқы моңғолоидтық тайпалардың қайдан шыққанын, бұл аумақтардың түріктенуі қалай басталғанын түсінуге тырысу керек. Соңғы қола дәуірі. Әңгіме қазақ халқының ғылымы мен білімінің ресми тарихи пайда болуынан мыңдаған жылдар бұрын болып жатыр. Сондықтан да бұл жерде өмір сүрген протоқазақтар мен тайпалар туралы айтып отырмыз", - деп бөліседі шығыстанушы.

Зерттеушілердің пайымдауынша, бүкіл кешен әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын 27-ге жуық құрылысты қамтыған. Академик Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы Рымбек Жұмашевтың айтуынша, табылған қорым көне қаланың бір бөлігі болуы мүмкін.

"Осы ескерткішті Игорь Алексеевич Кукушкиннің жетекшілігімен қазған Қарағанды университетінің археологтары қазір Қаражартас қорымының және оған іргелес ескерткіштер аумағында ұлттық саябақты құруға белсенді атсалысуда. Онда әр заманның тарихы мен мәдениетін бейнелейтін алып жазық жатыр. Менің ойымша, бұл ұлттық саябақ жақын арада ашылады", - деп үміттенеді шығыстанушы Виктор Новоженов.

Пирамиданы қалай көруге болады?

Бұл пирамида Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылдық округінің аумағында Жаңажұрт ауылынан екі шақырым батысқа қарай және Талды ауылынан 12 шақырым шығысқа қарай Талды өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ең жақын жол - Қарағандыдан. Ол үшін қаладан Қошқарбай ауылына баратын тас жолдың бойымен оңтүстікке қарай 100 шақырым жерде (жол талғамайтын көлікпен барған дұрыс). Ол жерден Жаңажұрт ауылының шығыс жағына қарай жүресіз, сонда жергілікті тұрғындар пирамиданың қай жерде орналасқанын дәл көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vitaliy Shuptar (@shuptarography)

Суреттер мен видеоны Виктор Новоженов ұсынды

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная