Елдің туризм саласындағы биылғы әлеуеті жөнінде мәлімет ұсынылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Биыл 9 айда ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 миллион адамға жеткен.
Шетелден келетін туристер легі 11,5 миллион адамға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есеге көп.
"Шетелдік 969 мың турист туристік нысандарға жайғасты. Саланың экономикалық көрсеткіштері де айтарлықтай өсім көрсетіп отыр. Орналастыру нысандарының жалпы кірісі 27 пайызға өсіп, 224 миллиард теңге болды. Туристік нысандар саны 306-ға өсіп, жалпы 4 315-ке жетті, ал олардың сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға дейін артты", - деп жазылған хабарламада.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!