Бизнес-класс жолаушысы жүгінен зергерлік бұйымдары жоғалғанын мәлімдеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бизнес-класс жолаушысы жүгінен зергерлік бұйымдары жоғалғанын мәлімдеді Фото:depositphotos.com

Астана – Алматы – Қызылорда бағыты бойынша ұшқан бизнес-класс жолаушысы багажынан зергерлік бұйымдар жоғалғанын мәлімдеді. Бұған қатысты Көліктегі полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана – Алматы – Қызылорда бағыты бойынша ұшқан бизнес-класс жолаушысы багажынан зергерлік бұйымдар жоғалғанын мәлімдеді. Бұған қатысты Көліктегі полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Мән-жайы

Оқырманның айтуынша, оның анасы Астанадан Қызылордаға Алматы арқылы ұшқан. Қонған кезде жүк берілмей, чемодан Алматыда қалып қойғаны хабарланған. Келесі күні багаж Қызылордаға жеткізілгенімен, тексеру барысында сөмкеден зергерлік бұйымдар салынған пакет пен футлярдың жоғалғаны анықталған.

Полиция пікірі

Оқиғаға байланысты Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Көліктегі полиция мәліметінше, қазір тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, әуежайлардағы бейнебақылау камералары тексеріліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;