Грекияның Сирос аралында туристерге таңғы асы қосылған тегін баспана ұсынылады. Есесіне олар мысықтарға арналған панажайда ерікті болып жұмыс істеуі керек, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Express-ке сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, панажай әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілерді қабылдайды.
Еріктілерге не ұсынылады?
Шетелдіктерге Эгей теңізіндегі Киклад аралдарының бірі - Сироста тегін тұру, таңғы ас, және коммуналдық қызметтер ақысын төлеу ұсынылады. Оның орнына туристер көшеде қалған мысықтарды құтқарып, бағып-қағумен айналысатын Syros Cats атты жергілікті панажайға көмектеседі.
Қатысу шарттары қандай?
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- ересек болуы, денсаулығы жақсы және физикалық тұрғыдан төзімді болуы;
- өз бетінше жұмыс істей алуы;
- қатысу мерзімі кемінде бір ай;
- кесте - күніне шамамен 5 сағат, аптасына 5 күн;
- жануарлармен жұмыс тәжірибесі құпталады, бірақ ең маңыздысы - жауапкершілік пен физикалық жұмысқа дайындық.
Немен айналысу керек?
- панажай бөлмелерін тазалау;
- жем дайындап, жануарларды тамақтандыру;
- марғауларды адамдарға үйретіп, әлеуметтендіру;
- мысықтарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру.
Мысықтар аралға қалай әсер етеді?
Панажай серіктестерінің бірінің айтуынша, бұл панажайдың жұмысы арал тұрғындарының мысықтарға деген қарым-қатынасын өзгерткен.
"Біз әлемге жануарлар шынымен маңызды екенін көрсеткіміз келеді. Оларды қалай баптайтынымызы - адамгершілігіміздің бір көрінісі", - деді Syros Cats ұйымымен әріптестік орнатқан God’s Little People Cat Rescue ұйымының теңқұрушысы Ричард Боуэлл.
Егер бұрын тұрғындар мысықтарға жиі немқұрайды немесе теріс қарайтын болса, қазір оларға деген қызығушылық пен құрмет айқын артқан.
Сирос аралы несімен танымал?
Сиросты "Кикладтың жүрегі" деп атайды. Ол Афинадан шамамен 140 шақырым жерде орналасқан және Санторини мен Миконос сияқты туристік "алыптарға" қарағанда атмосферасы тыныш.
Арал астанасы - Эрмуполисте:
- Миландағы "Ла Скала" театрының үлгісімен салынған Аполлон театры;
- әлемдегі алғашқы ескерткіштердің бірі саналатын Белгісіз солдат монументі бар.
Аралдағы тұрмыс консерватив: экономика негізінен балық аулауға сүйенеді, ал сәулет келбеті көне тас төселген көшелермен сипатталады. Сонымен қатар, туризм екі түрлі демалысты ұсынады. Біріншісі - жағажайлық демалыс (Галиссас пен Вари жағажайлары). Екіншісі - белсенді демалыс: арал арқылы оңтүстікті солтүстік жағалаумен байланыстыратын трекинг соқпақтары өтеді.
Ағылшынтілді блогерлердің пікірінше, Сирос туристерді Санторини мен Миконосқа қарағанда атмосферасы тыныш.
"Жыл сайын миллиондаған адам Грекияның ең танымал аралдары - Санторини мен Миконосқа барады. Бірақ сол аралдарға барып көрген соң, мен тарихы бай, көрінісі керемет басқа аралдардың да бар екенін түсіндім", - деп жазды Intersection Voyage арнасының блогерлері Кэти мен Джордж.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!