“Бұл жай әзіл емес“: желіде ұшқышқа “лазермен шабуыл“ жасағандар талқыға түсті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бұл жай әзіл емес“: желіде ұшқышқа “лазермен шабуыл“ жасағандар талқыға түсті Midjourney

Әлеуметтік желілерде жолаушылар ұшағына лазер түсіруге қатысты жаңа оқиға қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде жолаушылар ұшағына лазер түсіруге қатысты жаңа оқиға қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Желі қолданушылары ашуланып, кінәлілерді жазалауды талап етті. Олар мұндай әрекет еш зиянсыз ермек емес, әуе қауіпсіздігіне қауіп төндіру екенін айтты. Алматы – Шымкент рейсінің жолаушысы оқиғаның видеосын бөлісіп және егжей-тегжейін айтып берді.

"Біз Шымкентке жетіп қалғанда, кенеттен жағымсыз жағдай болды: біреу ұшаққа лазер жарығын түсіре бастады. Бұл жай "әзіл" емес, бұл қауіпсіздікке қатер төндіру. Бортта адамдар отыр, бір ғана лазердің жарығы ең жауапты сәтте ұшқышқа кедергі келтіру мүмкін", - делінген жазбада.

Полиция не дейді?

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ешқандай шағым түспеген.

"Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде (оның ішінде Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінде) әуе кемелеріне лазер түсіру деректері тіркелген жоқ. Сондай-ақ әуекомпанияларынан шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ", — деп хабарлады ведомство.

Қылмыстық жауапкершілік

Еске сала кетейік, Қазақстанда "лазер шабуылы" үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Биыл Қылмыстық кодекске 352-1-бап енгізілді: әдейі ұшқышқа лазер түсіру 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;