"Бұл жерлер адамға үміт сыйлайды". Маңғыстау қорымдары жайлы не білесіз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет www.mangystau.inmap.kz сайтынан Сурет www.mangystau.inmap.kz сайтынан

Қорымдар - бұл мұражайға айналған зираттар. Әлемдегі мұндай орындардың мысалы ретінде Лондондағы Хайгейт зиратын, Париждегі Пер-Лашез зираты, Нью-Йорктегі Грин-Вуд зираты және Гизадағы мысырлық пирамидаларды айтуға болады. Бұл жерлерге жыл сайын миллиондаған турист келеді. Қазақстанда да мұндай орындар бар. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Маңғыстаудың ерекше қорымдары мен киелі жерлері туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Қорымдар - бұл мұражайға айналған зираттар. Әлемдегі мұндай орындардың мысалы ретінде Лондондағы Хайгейт зиратын, Париждегі Пер-Лашез зираты, Нью-Йорктегі Грин-Вуд зираты және Гизадағы мысырлық пирамидаларды айтуға болады. Бұл жерлерге жыл сайын миллиондаған турист келеді. Қазақстанда да мұндай орындар бар. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Маңғыстаудың ерекше қорымдары мен киелі жерлері туралы баяндайды.

Маңғыстау қорымдарының көп бөлігі адамдар келіп тамашалайтын жерлерге айналды. Барып-келуге қиын демесеңіз, бұл жерлер зиярат ететін орындарға айналған. Туристер ол жерге ата-бабаларының рухын қастерлеуге, тарихпен етене танысу үшін барады, кейбіреулер осылайша рухани толығып қайтуға болады деп есептейді. Өңірде қорымдар өте көп, біз бұл материалда толық тізім жасауға тырыстық.

Маңғыстаудың қорымдары мен жерасты мешіттері киелі, тарихи және сәулет ескерткіштері болып табылады, сонымен қатар 1980 жылдан бастап Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында мемлекеттік қорғауда.

Қорымдарға барудың көптеген себептері бар. Кейбір туристер өлке тарихын зерделеу, оның көрнекті тұлғаларын білу мақсатында саяхаттаса, енді біреулері - қандай да бір мәселенің шешімін табу, ата-баба рухынан сұрау, алғыс айту немесе рухани толығу үшін барады.

Жергілікті туризм маманы Айгүл Жасыбаева киелі жерлерге саяхатты Бекет ата мешітінен бастауды ұсынады. Жолда Шопан ата қорымына барып, ғасырлар бойы сақталған жерлеу-культі ескерткішін тамашалауға болады. Жол алыс: Ақтаудан Жаңаөзенге дейін - 150 шақырым, Жаңаөзен - Шопан ата - 90 шақырым, Шопан ата - Бекет ата - 130 шақырым. Осыған қарамастан бұл жерлерге жыл сайын тәуеп етушілер көптеп келеді.

Шопан ата тарихи кешені бірнеше құрылыстардан тұрады: жерасты мешіті, қорым, құдық, қонақ үй, асхана, заманауи мешіт және шырақшы үйі. Шопан ата жерасты мешіті Бекет атаның ұстазы болған құрметті данышпан адамның есімімен байланысты. Сондай-ақ, Шопан ата қой мен шопанның қамқоршысы дейді. Зерттеушілердің айтуынша, ол шамамен XIII-XIV ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Яссауи ілімін уағыздаған, орта ғасырлардағы сопылық дін таратушы болған.

Бекет-ата жерасты мешіті Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен бірге Қазақстандағы басты қасиетті орындардың бірі болып саналады. Ғибадатхана толығымен жартасқа қашалған және Оғланды аймағында орналасқан. Бекет ата сопылық ілімнің ең қастерлі уағыздаушылардың бірі болған. Көзі тірісінде ол өзінің даналығымен және емшілік қабілетімен танымал болды.

Жергілікті тұрғын, блогер Азамат Сәрсенбаев өңірдегі қорымдар мен киелі орындардан алған әсерімен бөліседі.

"Есімде, Бекет-атаны кішкент ай кезімде әкеммен бірге барып көрдім. Жол алыс еді. Біз жолсызбен жүріп бардық. Әкемнің арқасы ауыратын, сондықтан ол жолдың қиындығына қарамастан барғысы келді. Қазір әкемнің арқасы ауырмайды. Бірақ кішкентай кезімде таңғы алтыда оянып, мұншалықты алысқа не үшін бара жатқанымызды түсінбедім. Ол жерге келіп, тау арқарларын өз көзіммен көргенде, бейне бір ертегі әлемінде жүргендей әсер алдым. Бұл көрініс менің әлі де көз алдымда.

Қазір Маңғыстаудың киелі жерлерін аралағанда жаным тынышталып, қаланың күйбең тіршілігіндегі мәселелердің бәрі ұмытылады. Келгеннен кейін үйдегі барлық ұсақ-түйектер соншалықты қиын мәселе болмай қалады. Қорымдарды аралаған соң адамда үміт пайда болады, сол үшін де барады деп ойлаймын", - дейді Азамат.

Бекет атаға бармас бұрын тәуеп етушілер басқа жерге - Оғыланды атаның зиратына тоқтайды, оны жергілікті тұрғындар киелі санайды. Оғыланды түрікмен тілінен аударғанда "бала" дегенді білдіреді. Аңыз бойынша, осында көшіп-қонып жүрген түрікмендер арасында індеттің кесірінен бір жылдың ішінде көп бала қайтыс болған. Олардың барлығы кейін Оғыланды, яғни "балалар" деп аталып кеткен бір зиратқа жерленген. Бұл жер Маңғыстау облысы Қарақия ауданында, Сенек ауылынан шығысқа қарай 95 шақырым жерде орналасқан.

Көне Кенті-баба қорымында XV ғасырға жататын ескерткіштер бар. Бұл кесене - төртбұрышты күмбезді ғимарат. Ғимараттың қабырғалары сәл жоғары қарай сүйірленіп одан да биік, әсем көрінеді. Кесенеге қарама-қарсы ашық аспан астында дала мешіті орналасқан.

Тәуеп ететін тас ортасында орналасқан. Біріншісінің айналасына басқа да тастар қойылған. Қорым қабырғаларында көптеген көне суреттер бар: мұнда жылқылар, түйелер бейнеленген, гүл өрнектері, геометриялық пішіндер, оның ішінде қасиетті үшбұрыш бейнеленген.

Қорым мен жерасты мешіті Шақпақ ата XIV-XIX ғасырларға жатады. Нысандар Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында, Таушық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Бұл Арал-Каспий өңіріндегі қабырғасында жазулары мен сызбалары сақталған жалғыз ескерткіш. Геолог Алан Медоевтың айтуынша, бұл "жартас мешіті күрделі сәулетке ие және Қазақстандағы сирек тас өнерінің тамаша көрінісі". Шақпақ ата үңгір мешіті үстірттің батыс беткейінде, биік таулы жерде, әктастарда қашалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әсел Доғдырбайқызы (@abdi_asel)

Шақпақ ата мешітінің батысында осы аттас ортағасырлық қорым орналасқан. Оның аумағында негізінен құлпытас тақталары бейнеленген ерекше ескерткіштер бар. Қорымның екі бөлігінде де рулық таңбалармен жартылай таңбаланған көне және кейінгі құлпытастар бар. Қорымда Бұхара медресесі мен Ыстамбұл университетінде жоғары білім алған Бектеміс адай әулетінен шыққан белгілі дін уағызшысы Ержан Хазіреттің (Ержан Төлекенұлы - 1888-1967) бейіті бар.

Сұлтан-епе қорымына осы аттас жерасты мешіті, көптеген ескерткіштер, құдықты бақ және көне орындар кіреді. Сұлтан-епе халық арасында теңізшілердің қорғаушысы деп аталады, өйткені ол Каспий теңізінің теңізшілеріне жиі көмектескен. Жергілікті жерлеу рәсімінің ерекшелігі - қабірлердің үстінен көтерілген ұзартылған ағаш сырықтар. Бұл бағандарға туристер мен тәуеп етушілер шүберек байлап, мұқтаж жандарға ақша қалдырады.

"Сұлтан-епе қорымы Кенті-баба қорымына және Шақпақ ата жерасты мешітіне жақын орналасқан, бағыты бір күнде үш жерге баруға болатындай етіп ойластырылған. Бастапқы нүкте - Ақтау, 60 шақырым. Қаладан Түпқараған ауданы, Таушық ауылына қарай, ауылдан кейін Форт-Шевченко қаласы бағытында тағы 40 шақырымдай жүріңіз. Сұлтан-епеге дейін бір шақырым жерде Кенті-баба қорымы орналасқан", - дейді гидтер.

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Сұлтан-епе жерасты мешітінен оңтүстік-батысқа қарай 12,3 шақырым жерде шағын Ақшора қорымында орналасқан Ақшора кесенесіне баруға болады. Ақшора қорымында XV-XVIII ғасырлардағы қорымдар, негізінен қойтастармен біріктірілген.

Қошқар ата қорымы тұрғындар арасында танымал және аса құрметке ие. Аңыз бойынша, Қошқар ата X-XI ғасырларда сол жерде өмір сүрген дәруіш болған. Дәруіш балалардың діни сауатын ашып, өте әділ адам ретінде танылған. Аңыздарға сүйенсек, ол арқардың сүтімен қоректенген екен, олар өздері келіп сауғызып жүреді екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Яков Фёдоров (@yakovfedorov)

Маңғыстаулық кәсіби гид Құралай қазақтың ата-бабасына жылына бір рет "зиярат ету" дәстүрі бар, сондықтан киелі жерлерге жиі баратынын айтады. Әр жердің тарихы, аңызы киелі саналады.

"Қошқар ата Иран, Хорасан аймағынан бізге жаяу келді. Ол жергілікті көшпенділерге ислам дінін таратқан. Қорымының қазіргі тұрған жеріне мешіт салып, шәкірттер мен ізбасарларды дайындады. Содан кейін басқа жаққа кетті. Барлық тұрғындар жайлауға шыққанда өзіне келген малды сауып сүтімен қоректенген. Дәруіш мұны "Алланың берген асы" деп түсіндірді. Қорым Түпқараған ауданында орналасқан. Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 17 шақырым жерде, Ақтау-Ақшұқыр тас жолының бойында", - дейді ол.

Ғимарат көне және заманауи бөліктерден тұрады. Қазір оларды қоршаулар бөліп тұр. Ескі бөлігінің қорымдары тас қазбалармен және тігінен орнатылған тақтайшалармен қоршаулармен, сандықтастар, баспалдақ құлпытастармен және қойтастармен белгіленген. Аумаққа кіру дәстүрлі киелі жерден ашылады. Мұнда салт бойынша дұға оқылады.


Сурет mangystau.inmap.kz сайтынан

Қорымдағы ең көрнекті ескерткіш - қошқар түріндегі құлпытас. Түркі халықтарында қошқар - ұлылықтың, күш-қуаттың, ақылдылықтың белгісі. Мұнда қошқардың нақты өлшемдегі мүсіні орнатылған.

Сисем-ата қорымы - батырлар пантеоны, сәулет мұрасының ескерткіші көптеген жерлеу орындары дулыға түрінде салынуымен ерекшеленеді. Бұл кездейсоқ емес. Дәл осы пішін XIV ғасырда соғыста қаза тапқан батырдың, бейітін белгілеген. Қорым атауы осында орта ғасырларда, оғыз-қыпшақ дәуірінде өмір сүрген ислам дінін уағыздаушылардың бірі Сисем атаның жерленгеніне байланысты. Кейінірек уағызшы кесенесі төңірегінде Адай батырлар қорымы қалыптасты.


Сисем-ата қорымындағы сандықтас. Фото Яков Федоров


Сисем-ата қорымының айналасы. Фото Яков Федоров


Сисем-ата қорымы. Фото Яков Федоров

Қорымның батыс бөлігінде орналасқан аласа қорғанның үстінде Әз әулие деп аталатын Сисем-ата ананың жерленген жері қорым бар. Жергілікті халықтың дәстүрі бар: Сисем атаның жерленген жеріне барар алдында міндетті түрде Әз Әулиеге бару керек. Сисем-ата қорымдары аймақтағы ең үлкен және ең көне қорымдардың бірі болып табылады. Үстірт қыратының батыс жартасында, шөлді ландшафтта, ежелгі керуен жолы, құдықтар мен қыстақтардың жанында орналасқан.

Қыдырша ата қорымына осында жерленген атақты емші дәрігердің аты берілген. Ортасындағы тас қоршау, мата сынықтары салынған "Сырық ағаш" құлпытас сияқты 35 нысаннан тұрады. Қыдырша Жылқыбайұлы осында жерленген.


Кыдырша-ата қорымы. Сурет mangystau.inmap.kz сайтынан

Аңыз бойынша, Қыдырша сегіз ағайындының кенжесі болған. Ол адамға қол тигізбестен шығып кеткен жер мен сынықтарды салатын болған. Қанша қиын сынық болса да, Қыдырша атаның табалдырығын аттаған адамның сүйегі өзінен-өзі бітіп кетіп отырған.

Бисенбай қорымы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында, Форт-Шевченко қаласынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Ол XVII-XIX ғасырларға жатады және үлкен қабір құрылымдары мен шағын архитектуралық пішіндермен ұсынылған. Қорым екі кесене мен бірнеше қару-жарақ бейнелері мен жазулары бар сағанатамнан тұрады.


Фото Яков Федоров


Фото Яков Федоров


Фото Яков Федоров

Қараман ата қорымына халық тәубеге келіп ант беру үшін келеді. Бұл жер Маңғыстау қазақтарының тарихына "Қараман атаға ант берген" жер ретінде енді. Бұл жерде берілген ант қасиетті болып саналды. Қорым орта ғасырларға жататын түрікмен стелаларынан, тас құлпытастардан, Адай руынан шыққан шеберлер (шеберлер Өмір Қараұлы мен Назар Өмірұлы) салған көптеген сағанатамдар мен кесенелерден (XIX ғасырдың 2-жартысы - XX ғасырдың басы) тұрады.


Қорым көрінісіндегі Караман-ата мешітіне кіре беріс. Сурет mangystau.inmap.kz сайтынан


Жер астындағы Қараман-ата мешіті. Фото Яков Федоров


Жер астындағы Қараман-ата мешіті. Фото Яков Федоров

Аңызда екі ағайынды - Ақман мен Қараманның халық арасында үлкен беделге ие болғандығы айтылады. Бірақ бір күні олар Қожа Ахмет Яссауимен таласып, руластарын батысқа, Маңғыстауға апаруға мәжбүр болады. Демек, аңыз бойынша оғыздар Маңғышлаққа қоныстанған. Жергілікті тұрғындар бұл жердің құдіреті туралы көп айтады.

Қорымнан батысқа қарай Қараман ата жерасты мешіті орналасқан. Мешіт шағын төбенің баурайында ойылған, құрылысшылар табиғи үңгірді пайдаланған болуы мүмкін.

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында Ұштаған ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде қорым мен жерасты Масат ата мешіті бар. Аңыз бойынша бұл жер қалмақ шапқыншылығы кезінде Мешхедтен келген уағызшымен байланысты.

"Масат ата айтарлықтай билікке ие болып, елін қаймықпай қорғаған ержүрек батыр ретінде танылған. Көп жауы Масат батырды өлтірмек болғанымен, бәрі де жеңіліске ұшырайды. Ақыр аяғында батырдың ең кіші әйелі, ақылы аздау екен, сол жауға батырдың әлсіз жеі сойны екенін айтып қояды. Сонымен таң намазында жаулары оған шабуыл жасап, басын шауып тастайды. Оның басы жайнамазға домалап түседі. Масат ата секіріп, басын кілемшеге орап алып, жүгіріп шығады. Таста қанның ізі мәңгілікке қалады. Масат-атаның бейіті жоқ, бірақ бұл қорым бүкіл облыстағы ең көне орындардың бірі болып табылады", - дейді гид.

Әйел есімі қойылған санаулы қорымдардың бірі - Долы апа. Онда көптеген көне қойтастар, ХІІ-ХІХ ғасырлардағы бірнеше ескерткіштер сақталған. Қорымдар негізінен бедерлі ою-өрнектермен көмкерілген. Олардың кейбіреулері көне араб жазуымен безендірілген. Маңғыстаудағы атақты батырдың жалғыз қызы Бибі атты қыз туралы аңыз бар. Бұл қыздың ерекше сұлулығы мен жауынгерлігі туралы аңыздар тараған. Ол қайсарлық танытып, облыстың үздік шабандоздарымен жарысқа қатысып, жерді жау шабуылынан қорғаған. Туыстары мен достары оған Долы апа ("қыңыр, қайсар" мінезіне тән) деген лақап ат қойған. Ол жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапты. Оның бейітіне ауданның ең таңдаулы сәулетшілері Қаратау шатқалдарынан әкелінген тастан кесене тұрғызған. 

Сарапшы Жасыбаева Айгүл бұл қорымдардың барлығы шалғай орналасқандықтан туристер автобус немесе джип турларын таңдайтынын айтады. Сирек кездесетін түрі - атпен серуендеп шығу. Бір және екі күндік сапарлар шатырларда немесе жатақханаларда түнеу, мешіттерде және басқа жерлерде түскі аспен қоса ұсынылады.

"Барлық қорымдар мен киелі жерлерді бір уақытта аралау мүмкін емес. Олардың көпшілігі елді мекендерден 200, 400 шақырым қашықтықта орналасқан. Сондықтан экскурсияға көбінесе табиғи көрікті жерлер мен қорымдар кіреді. Ал оларға бару біркүндік, екікүндік деп екіге бөлінеді. Автобус 20 орындық. Автобус туры 80 мың теңгеден басталады. Бағаға көлік қызметі мен гид кіреді. Тамақтану бөлек төленеді: жергілікті дәмханаларға немесе этникалық ауылдарға баруға болады, сіз өзіңізбен бірге тамақ алсаңыз да болады, ол - әр туристің өз таңдауы. Ұзақтығы 200 шақырымнан 600 шақырымға дейін барады. Сондықтан баға өзгеріп отырады", - дейді ол.

Маңғыстаудағы киелі орындардың тізімі өте көп. Облыста басқа да ескерткіштер, қорымдар мен жерлеу орындары бар. Әр жердің тарихы ерекше қайталанбас, зерттеуге тұрарлық және әлемнің түкпір-түкпірінен тарихшыларды тартпай қоймайды.

Маңғыстау өңіріндегі тағы қандай киелі жерлерді білесіз?

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.

Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная