Былтыр еліміздің әуекомпаниялары қанша жолаушы тасымалдады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отандық азаматтық авиация саласында басты көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім байқалып келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Отандық азаматтық авиация саласында басты көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім байқалып келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Мәселен, былтыр еліміздің авиакомпаниялары 11 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл 2021 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 17 пайызға көп.

Қазір әуе транзиті жоғары қарқынмен ұлғайып, Қазақстанның осы бағытқа сәйкес әлеуеті артып келеді. Айталық, 2022 жылы 410 мыңдай ұшаққа қызмет көрсетіліп, 2021 жылдағы мәліметпен салыстырғанда бұл 90 пайызға артық.

"Қазақстан Республикасының көлік-логистика әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес бұл саладағы негізгі стратегиялық міндет - ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау саналады", - деді Қарабаев.

Тұтастай алғанда, Қазақстанда азаматтық авиация саласын дамыту жұмысы ұшу қауіпсіздігін күшейту, маршруттық желіні дамытып, инфрақұрылымды жақсарту сынды бағыттар бойынша жүргізіліп келе жатқанын айта кету керек.

Сондай-ақ, биыл 7 облыста әуе маршруттарын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 7,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл амал авиарейстердің қолжетімділігін арттырып, ішкі туризмді дамыту үшін қолға алынып отыр.

Қазір ішкі әуе рейстерін 5 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырып келе жатқанын айта кетейік. Мәселен, аптасына 56 әуе бағыты бойынша 706 рейс орындалып келеді.

Халықаралық жолаушылар тасымалына келсек, 2017 жылдан бастап open sky режімі енгізіліп, соған сәйкес жаңа халықаралық маршруттар ашылып жатқанын атап өткен жөн. Қазір аталған бағыт бойынша 27 елге 103 авиарейс іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ транзиттік рейстерге қызмет көрсетуді ұлғайту мен ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін қазақстандық әуежайларда қажетті инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жұмыстар жоспарлы түрде атқарылып келеді.

Егемендік жылдарынан бастап қазірге дейін барлығы 22 әуежайда ұшып-қону жолағы жаңғыртылып, салынды. Бұған қоса 16 әуе айлағында жолаушылар терминалы жөнделіп, халық игілігіне берілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная