"Біз бұлтқа шығып, жер астында да болдық". Қаратау птерозаврларына қызықты саяхат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тянь-Шаньнің таулы жоталары - ата-бабалар өмірінен сыр шертетін, сирек кездесетін аңдар мен құстар түрлері бар, сонымен қатар көрінісі көз тоймайтын асқақ төбелерден тұрады. Ең кереметі - бұл тауларды тамашалау үшін ПТР-тест тапсырып, карантиндік шаралардан өту қажет емес. Тек Қазақстанның оңтүстігіне келсеңіз болғаны. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы ерекше жер туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Тянь-Шаньнің таулы жоталары - ата-бабалар өмірінен сыр шертетін, сирек кездесетін аңдар мен құстар түрлері бар, сонымен қатар көрінісі көз тоймайтын асқақ төбелерден тұрады. Ең кереметі - бұл тауларды тамашалау үшін ПТР-тест тапсырып, карантиндік шаралардан өту қажет емес. Тек Қазақстанның оңтүстігіне келсеңіз болғаны. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы ерекше жер туралы баяндайды.

Біз елдің оңтүстігіне, аптап ыстық Шымкент қаласына келеміз. Дәл сол жерден асқақ, шетсіз-шексіз Қаратау жоталарына жету оңай болады. Қаратау жайлы толық мәліметті бір ғана мақалаға сыйғызу қиын, әрине. Саяхатшылардың бірінің бүлдіршіні айтқандай: "Біз бұлтқа шығып, жер астына да түстік".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наталья (@natali.cherkasova81)

Қаратау жотасы мен қорық аймағы

Қазақ хандығының құрылуы кезеңінде бұл жер Арғынтау деп аталды (яғни "екі таудың ортасында", "шатқал"). Қаратау тауының ортасында тас ғасырындағы ежелгі адамдардың тұрақтары әлі де бар. Міне, жотаның орталық бөлігінде сол аттас қорық орналасқан. Ол 2004 жылы ашылған және қорғалатын аймақ болып табылады. Сондықтан мұнда тек қорықшының жетекшілігімен баруға болады. Қаратау қорығының аумағы Кариб теңізіндегі Гренада аралымен бірдей. Тек қазір оны шексіз сулар емес, шөлдер - Мойынқұм, Қызылқұм және Бетпақ Дала қоршап тұр. Қорықтың жұмсақ баурайын Бессаз жоғарғы ағысындағы Мыңжылқы тауымен (2 176 метр) көлегейленіп тұр (Мыңжылқы үстіртімен шатастырмау керек).

Фото Сергей Волков

Қаратау жотасының территориясы өте үлкен екенін ескерген жөн. Юра дәуірінде шөгіндіге айналған Қаратау жоталарының орнында ойпаңдар қалған, олар жотаны екіге бөледі: Кіші (Шығыс) Қаратау және Үлкен (Батыс) Қаратау.

Фото Сергей Волков

Қорық миллиондаған жыл бұрын оның аумағында үлкен көл болғандығымен ерекшеленеді. Бұл болжамды осы аймақты зерттеген поляк зерттеушілері бір кездері су қоймасын толтырған бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің және өсімдіктердің органикалық қалдықтарына сүйене отырып алға тартты. Сонымен қатар, балық қалдықтары қабыршағы мен жүзбеқанатына дейін сақталған. Мүмкін, ең танымал табылған қалдық - ұшатын бауырымен жорғалаушылар қанатының мембранасы-птерозаврлар, түкті қанаттары. Әсіресе, қанаттарындағы көзге түсетін каллиграммалар мен жолақтар. Барлық оқулыққа енгізілген тасбақаның тасқа айналған қалдығы да жақсы сақталған.

Ең қызығы - біздің тарихқа дейінгі табылған ерекше пішіндегі қауырсындар. Олар қазіргі қауырсындардан қатты ерекшеленеді, сондықтан көптеген жылдар бойы үлгілердің бірі саго пальмасының жапырағы болып саналды. Алайда, 2006 жылы поляк-қазақ экспедициясы тапқан үлгінің изотоптық зерттеулері осы қазбаның шығу тегі - юра кезеңінің ұшатын птерозаврларын көрсетеді.

Танымал әрі баруға оңай түсетін орындар

Көптеген туристер Қаратауды Ақмешіт үңгірі мен Домалақ-ана мавзолейі арқылы танып біледі. Бұл жерлер танымал, әрі жақсы зерттелген. Олар туралы айтпай кету мүмкін емес.

1456 жылы Қаратау баурайында аңыз бойынша Домалақ ана кесенесі салынды, ол Ұлы жүздің және басқа да қазақ рулары албан, суан, дулат арғы анасы десе болады. Алайда, бүгінде ол бүкіл қазақ халқының анасы саналады. Бастапқыда баурайында күмбездері бар төрт қабырғалы мазар тұрғызылды. Кейінірек құрылым бірнеше рет қайта салынды, сондықтан біздің уақытқа дейін оның өзіндік келбеті, әрине, сақталмады. Бүгінгі таңда Домалақ ана кесенесі Түркістан облысының басты көрікті жерлерінің тізіміне кіреді және туристер мен қажылар арасында өте танымал. Жергілікті тұрғындар ұзақ күтуден кейін жас жұбайлар осында келіп, әулиеден бата сұрап, содан кейін балалы болғандары жайлы керемет оқиғаларды баяндайды.

Қызық дерек

Бұл кесененің ежелгі және тарихи құндылығын бағалау үшін 1456 жылы түріктер Афинаны жаулап алғанын айта кету керек. Сол жылы түріктерге қарсы бірқатар жорықты жеңген Валахии Влад Цепеш, Дракула деген атпен танымал болды.

Ақмешіт үңгірі - бұл ерекше және қызықты жер, ол мыңдаған туристерді тартуда. Оның үстіне, сіз 25 метр тереңдікке түскенше оның барлық керемет қасиеттерін көру қиын. Егер үңгірдің сырты кең дала болса, іші - оазис. Осы көріністен еріксіз есіңізге ертегідегі Алиса мен қоянның іні түседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ADILET RAKHMETOLLA (@adilet_rakhmetolla)

Әрине, бұл жердің айналасында көптеген аңыздар бар - айдаһар үңгірінен бастап (Ақмешіт әсіресе қытайлық туристер арасында танымал) метеорит құлағанға дейінгі кезең. Сонымен, 1973 жылы үңгірді зерттеген Мәскеу геологтары Ақмешіт метеориттің құлауы нәтижесінде пайда болды деп болжады. Сонымен қатар, тарихшылар үңгір пайда болған тастар энеолит кезеңіне жатады деп мәлімдейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Фотоклуб "Караганда" (@photoclub_karaganda)

Айта кетейік, Ақмешіт Орталық Азиядағы ең ірі үңгірлер қатарына кіреді. Бірақ бұл Қаратау жотасындағы жалғыз үңгір емес.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Александр гид-экскурсовод (@gid_aleksandr)

Мұнда тік "құдықтар" да, жасырылған сталактитті "шахталар"да бар. Үңгірлер Қаратауда бор кезеңінде қалыптасты деген болжам да бар. Олардың пайда болуына ылғалды климат және жер асты суларының тереңдігі ықпал етті.

Гид және тарихшы Ислам Каланидің айтуынша, Боралдай өзенінің шатқалындағы Үстіртте (бұл аймақтағы шатқалдар жүзден асады, бірақ төменде) қауіпті және жұмбақ үңгірлер бар, олардың тереңдігі екі жүз метрге жетеді.

Бұл үңгірлердің кейбіреулері тік болып келеді. Арқан мен арнайы жабдықсыз кіруге болмайды. Ислам Калани спелеологтар оларды мезгіл-мезгіл зерттеп жатқанын айтады, бірақ дайындықсыз туристер үшін бұл үңгірлер қауіпті болуы мүмкін.

Гидтің айтуынша тереңдігі жарты шақырымға жететін үңгірлер бары жайлы аңыздар бар. Ол таулардың бірінің төбесінде орналасқан. Ол туралы әңгімелер бұрынғы жергілікті қорықшыдан тараған, бірақ бұл ақпараттың дұрыстығын тексеру мүмкін емес: оған бару өте қиын. Бірақ найзағай түсіп пайда болған үңгірдің барына күмәнданудың қажеті жоқ. Ол Үлкен турдың қасиетті тауының шығыс беткейінде орналасқан. Оның ішінде бұталар мен ағаштар өседі, олардың бұтақтары найзағай түсуінен күйіп кеткен.

"Менің ойымша, Үлкен тур - Қазақстандағы ең үлкен тау. Бұл киелі тау, онда көптеген петроглифтер бар, ал ағаштар өсетін үңгірлер найзағайдан күйіп қалған. Біз оған көтерілгенде, сезімтал адамдар мазасыздықты сезінеді, бұл тау басқаларды қызықтырады және кейбіреулерді тартады, жібергісі келмейтіндей, ал сіз төмен түсу үшін айналып өтуіңіз керек", - дейді Ислам Калани.

Тау биіктігі - 1 425 метр.

Үш мың жылдық петроглифтер

Үлкен турдың етегінде шамамен үш мың жылдық ежелгі петроглифтер бар. Тас суреттер галереясында салттық билерді көрсететін жануарлар мен аңшылар бейнеленген.

Қаратау петроглифтері - бұл қола және ерте темір дәуіріндегі Қаратау шатқалдарының жартастарында ойып жазылған түрлі бейнелер. Қойбағар, Арпаөзен, Майдамтал, Үлкентұра, Қысан, Жыңғылшақ, Қошқарата, Сүйіндіксай шатқалдарында, Ақсу-Жабағлы қорығында көп мөлшерде кездеседі. Барлығы 3 045 композиция және жеке суреттер табылды. Тек Арпаөзен шатқалында олардың саны 2 765. Қаратау петроглифтері негізінен әртүрлі көлемдегі жартастар мен тастарға ойылған. Олар сол дәуірдегі көшпелі тайпалардың шаруашылық өмірін, сондай-ақ олардың діни сенімдерін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін көрсетеді. Құстардың, жануарлардың суреттері бар. Суреттердің тақырыбы әртүрлі, өзіндік мағыналы болып келеді. Мысалы, түйенің бейнесі байлық пен күшті білдіреді. Көптеген жартастарда тау ешкісін иттермен аулау, құстарды аулау көріністері ойылған. Қолдарында найзалары мен таяқтары бар жауынгерлердің суреттері бар.

Фото Ислам Калани

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында табылған әскери күймелер мен жүк арбаларының 50 бейнесі ерекше құнды. Қаратаудың жартастағы суреттері арасында олар аса құнды болып саналады.

Фото Silkadv/Александр Петров

Ежелгі мал шаруашылығы тайпаларының өмірінен алынған көріністерді бейнелейтін Қаратау тауларындағы көптеген суреттер олардың экономикалық және рухани өмірі туралы түсінік беретін құнды тарихи дереккөз болып табылады.

Әрине, бұл аймақ тек аңыз-әңгімелерге ғана емес, сонымен қатар мифтерге де бай. Мысалы, Қаратаудың көптеген тауларының ортасында йогты бейнелейтін 100 метрлік геоглиф жасырылған деген қауесет бар. Мұнда жапондық әскери тұтқындардың денелері жерленген екен, ал кейбір жолдарды австриялық тұтқындар салыпты-мыс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Val (@valerieschvabauer)

Бірақ күмәндануды қажет етпейтін бір дерек бар, ол - бұл аймақтағы флора мен фаунаның әртүрлілігі. Қаратау баурайындағы эндемикалық өсімдіктердің 120-ға жуық түрі бар. Өсімдіктердің эндемикалық түрлері мен нәсілдерінің саны тоғыз пайызға жетеді, бұл әлемдегі ең бай эндемикалық аумақтардың бірі. Мұнда жыртқыш түлкілер де, тау арқарлары да мекен етеді. ҚР Қызыл кітабына енгізілген сүтқоректілердің түрлері (Қаратау арқары, Үнді жайрасы және тас сусары) және құстардың 12 түрі кездеседі, олардың арасында бүркіт, ақ және қара дегелек, үкі т.б. бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Екатерина (@ekaterina.s.b)

Аймақтың құрғақ климатына қарамастан, әр шатқалда өзен бар, олар да ақбалық мекен етеді. Қаратау шатқалдары көптеген су қоймаларына бай, саяхатшылар аптап ыстықтан қорғанып, таза су ішіп рахаттанады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Екатерина (@ekaterina.s.b)

Фото Сергей Волков

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yuriy Yushin (@yuriyyu88)

Қай жерде орналасқан?

Қаратау үш облыста - Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі Батыс Тянь-Шаньның солтүстік-батыс сілемі. Ол Талас Алатауынан басталып, біртіндеп төмендеп, Сырасу-Шу жазығына өтеді.

Фото Сергей Волков

Қаратау қорығының әкімшілік кеңсесі Кентау қаласында, Түркістаннан 40 шақырым жерде орналасқан. Ол жерге асфальт жолмен көлікпен жетуге болады. Орталық кеңседен қорыққа дейінгі ең жақын қашықтық-17 шақырым.

Есіңізде болсын, бару үшін жол талғамайтын көлікті пайдаланған жөн. Әйтпесе, сіз жолда көптеген қолайсыздыққа тап боласыз.


Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная