Қазақстандағы танымал демалыс орындарының біріне отбасымен барған тұрғындардың сапары күтпеген жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Tengri Travel sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Демалушылардың сөзінше, көлге шомылып жүрген кезде кәріздің өткір иісі сезілген. Артынша су бетіне нәжіске ұқсас қалдықтар қалқып шыққан.
«Қатты шошып кеттік. Қызымыз көлде шомылып жүрген. Бір кезде жағымсыз иіс шығып, артынша су бетіне нәжіс қалқып шықты», — дейді куәгерлер.
Оқиға жергілікті шипажайлардың біріне қарасты жағажайда болған. Демалушылар жауапты мекемелер жағдайды тексеріп, оның себебін анықтайды деп үміттеніп отыр. Сондай-ақ олар көпшілік жиі баратын демалыс орындарында тазалық пен қауіпсіздікке жіті көңіл бөлінуін талап етті.