Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта жолаушыға көмек көрсеткен видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, ол бұған дейін де төтенше жағдайларда адамдарға көмек көрсеткен, алайда бұл жағдай алғаш рет әлеуметтік желілерге тарап кеткен.
"Көмек көрсетік, жолаушының қан қысымы көтеріліп, құса бастады. Ұшақта дәрігер бар ма деп сұрады, әрине, көмектесуге жүгіріп бардым", - деді ол.
Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі видеоны арнайы ұйымдастырылған немесе пиар жасау әрекеті болуы мүмкін деп болжаған.
"Менің ойымша, бұл жерде әр адамның пікіріне әсер ете алмаймын. Мен үшін маңыздысы, өз борышымды және міндетімді орындадым. Біреудің алдында ақталу міндетім емес", - деп мәлімдеді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадан Алматыға бағыт алған ұшақта жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, оған денсаулық сақтау министрі көмек көрсеткен видео тараған еді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!